КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ

12:57, 5 тамыз 2020

Аймақ бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Мобильді топтар әлеуметтік нысандарда карантин режимінің қалай сақталатынын тексеруде

Бұл,Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірі. Мұнда құрылыс материалдары сатылады. Барлық санитарлық талаптар сақталған.Кіре берісте адамдардың дене қызуын өлшеу жағы да, қолға алынған.  Залалсыздандыруға байланысты  антисептикалық құралдар  бар.Сауда үйінің қызметкерлері арнайы бет-перде және  медициналық резенке қолғаптар киген. Бірақ, бұл дүкен карантиндік шектеулерге байланысты  жұмыс істемеуі қажет  көрінеді.

Дүкеннің негізгі кіреберіс есігі жабық тұр.Тұтынушылар басқа жасырын есіктен кіреді екен.Сауда үйінің өкілдері камераға түсіп, сұхбат беруден бас тартты.Олар біз ғимараттың жеке бөлігінде жұмыс істейміз - деп, сылтауратты.Алайда, іс-жүзінде мүлдем басқаша болып шықты. 

Айта кету керек, мобильді топ бұл нысанға осыған дейін де,бірнеше рет келген. Осы рейдке дейін карантин режимін бұзу туралы 2 хаттама толтырылған.

Құрамында санитарлыққызметкерлер мен полиция жәнеәкімдікқызметкерлерікіретінмобильді топ кезектіреттәртіпбұзушылықтыанықтады. Басшылыққаірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін -дейді, мобильді топ мүшелері

Назыгүл ӘЛМАҒАНБЕТОВА, Қазыбек би атындағы ауданның ТКҚСҚ бақылау бөлімінің бас маманы:

-Нысан шағын бизнеске жататындықтан, айып көлемі 230 АЕК құрайды.  Бүгінгі күні кезекті рейдтік тексеру жүргізілді. «12 ай Сауда үйі»  шектеу шараларын бұзып, әлі де жұмысын жалғастырып келеді. Хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді."Азия Креатив" ЖШС-не де,3 хаттама толтырылды.2 материал әкімшілік сотқа берілді, қазір қаралу үстінде.

Айта кету керек, Қазыбек би ауданы бойынша  6 мобильді топ құрылған. Олар күн сайын, күндізгі және түнгі уақытта рейдтер жүргізеді. Қатаң карантин кезінде 400-ден астам нысан тексерілген. Оның 67-інде  карантин талаптарын бұзушылықтар анықталған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар