КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ

16:25, 29 шілде 2020

Аймақтағы мобильді топтардың рейдтері жалғасуда.Дәл осындай тескеріс шаралары Нұра ауданында да жүргізілді. Карантин кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды? Ережені елемейтіндермен қалай күресу керек?

Бұл дүкенге келушілер бетке маска тағып, кірген кезде алақанқа антисептик жағуы шарт. Мұндағы әрбір тұтынушылардың әрекетін сатушылар бақылайды.Сондықтан сауда орындарының өкілдері  коронавирустан қорғану үшін, тиісті санитарлық талаптарды ескеруі қажет.  Мысалы дүкеннің  табалдырығында  залалсыздыратын  кілемше төселуі керек. Сонымен қатар қызметкерлердің дене температурасын күн сайын  өлшеніп, олардың аты -жөні арнайы журналға жазылады.Дәл осындай  сақтық шаралары Нұра ауданындағы барлық ұйымдар да жүйелі түрде қолға алынған. Ал мобильдік топ мүшелері ережелерді жергілікті тұрғындар жақсы білетінін айтады. Алайда карантин талабын жұрттың барлығы бірдей сақтай бермейтін көрінеді.

Асқар ФАХРИСЛАМОВ, Нұра аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- 5 шілдеден бастап барлығы 100 нысан тексерілді. Оның жетеуінде  заң бұзушылықтар анықталды.Олардың арасында маска тақпау,  медициналық қолғап кимеу  және әлеуметтік қашықтықты елмеу сияқты тәртіп бұзушылықтар бар. Аталған фактілер  бойынша хаттамалар толтырылды.Сондай-ақ  карантинді бұзушыларға қатысты  әкімшілік шаралар  қабылданды.

Нұра ауданында карантин талаптарын түсіндіру шаралары жиі жүргізіледі.Бір ескеретіні мобильдік топ санитарлық талапқа немқұрайлы қарайтындардың бейғамдық әрекеттерін әшкерелеп, айыппұл салады.Өйткені  аудандағы  күллі нысандардың қызметкерлері мен тұрғындарға ережелер о баста нақты жеткізіліп, жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі ескертілген.

Нарлан РАМАЗАНҰЛЫ, Нұра аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

-Нұра ауданы әкімінің өкімімен 3 мобильдік топ құрылды.Олардың құрамында санитарлық қызметкерлер және полиция бөлімінің қызметкерлері мен  әкімдік өкілдері кіреді.Мобильдік топ ауданның барлық іс-шараларын жүзеге асырады.Олардың қызметі біріншіден халыққа ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.Сондай-ақ карантин  шараларының бұзылмауын қадағалау болып табылады.

Мобильдік топтар дүкендерден бөлек,қоғамдық тамақтану нысандарын, дәріханаларды аралады. Сонымен қатар, олар сұлулық салондары мен шаштараздардың жабылғанын жіті  тексерді. Себебі карантин кезінде бұл нысандарға  жұмыс істеуге болмайды. Айта кету керек,Нұра ауданында 3 мобильді  топ тынбай,  қалтықсыз қызмет атқарып келеді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар