КАРАНТИН ТАЛАБЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕЙДІ

17:18, 22 мамыр 2020

Қарағандыны карантинге жаппайды.Бұл туралы бүгін брифинг барысында облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді

Бүгінде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 455-ға жетті. Оның ішінде  үшеуі өлім фактісі, ал 170 науқас  аталмыш кеселден айығып шықты.

Қанат АСҚАРОВ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

-Коронавирусты жұқтыру жағдайлары облыстың 9 қаласы мен аудандарында тіркеліп отырҚарағандыда - 172, Теміртауда - 186, Шахтинскіде - 10, Абай қ Абай ауданында - 5, Жезқазғанда - 4, Бұқар жырау ауданында-26, Саран қаласында - 11, Сәтпаев және Шет ауданында бір –бір жағдайдан анықталды.Ал  басқа қалалардан 14 жағдай белгілі болджы.Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында олармен байланыста болған 10 045  тұлғаны оқшауладық. Басым көпшілігі аталған адамдардың  жақындары.

Жалпы аймағымызда инфекцияның таралу гоеграфиясы да ауқымды.Бұл Ботақара кентімен Қазақмыс корпорациясының Нұрқазған филиалы екенін айтады  жауаптылар. Мәселен 21 мамырдағы ахуал бойынша корпорация қызметкерлері арасынан  коронавирустық инфекция жұқтырған 133 жағдай тіркелді. Науқастардың дені Қарағанды мен Теміртау қалалары  және Бұқар жырау ауданында тұрады.

Қанат АСҚАРОВ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

-Басқа қалалар мен аудандарда тұратын "Қазақмыс корпорациясы" жұмыскерлері  туралы мәселе қарастырылуда. Олардың тіркелуі бойынша барлық тергеу жүргізілді. Аталған кәсіпорнның қызмкетерлері   13-мен 17 күндері Жезқазғанда жұмыс сапарымен болған. Отбасылық іс-шарада бірге бас қосқан.Айталық жақын байланыста болған  - 17 адам ауруханаға жатқызылды.Оның ішінде 9 адамнан дерт белгілері байқалды.

Өткен тәулікте аурудың өсімі 7% - дан асып жығылады. Сондықтан карантинді одан әрі жеңілдету күтілмейді.

Қанат АСҚАРОВ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

-Инфекцияның таралу қаупі карантин кезінде тәртіптің болмауы екенін тағы да еске салғым келеді. Санитарлық талаптар мен нормаларды сақтау және орындау қажет, әйтпесе ауру облыста "таза" деп саналатын аумақтарға таралады. Барлығы бізге байланысты. Карантин шаралары туралы қаулыны сақтауды талап ету қажет.

Сондай-ақ, Қанат Асқаров мамыр айының соңына қарай өңірде балалар орталықтарын ашу жоспарлануда деп мәлімдеді. Әрбір білім саласының мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Олардың кез-келген уақытта  қажетті  кеңес алуына  болады.Сала қызметкерлері ол мақсатта департаментпен аумақтық ведомстваға  жүгінуі шарт.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар