КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

12:51, 21 мамыр 2020

Қарағанды облысында бір тәулікте 13 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. Мұндай көрсеткіш, карантин жарияланғалы бері болмаған жағдай. Жалпы, ауырғандар саны 300-ге жетті. Инфекцияның таралу гоеграфиясы да ауқымды. О баста індет тек Қарағанды қаласында анықталса, енді 5 қала мен 3 ауданнан да табылып отыр. Карантин қандай жағдайда күшейтілмек, тұрғындар тиісті тәртіпті неліктен сақтамай жүр?

Аймақта қазір карантиннің жеңілдетілгені рас. Тіпті қалааралық қатынас та қалыпқа келтірілді. Спорттық нысандар ашылып, саябақтарда жүруге рұқсат берілген. Тек мамандар қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауды талап етеді. Алайда, тұрғындар, ең болмағанда бетперде киіп жүруді қажет көрмейтін сыңайлы. 

Ирина МОСКОВКА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Көшеде, дүкендерде еркінсіп жүрген адамдарды көріп таң қаламын. Тұрғындар қорғанғысы келмейді. Қазір күн сайын, 13,17 бүгін 24 адамнан індет анықталды. Осының бәрі салғырттықтың салдары. 

Ал, облыстың бас санитары осыған дейін балабақшаларда кезекші топ ашу жоспарын кейінге қалдырғанын айтады. Тіпті автобустарға медициналық бетпердесі жоқ жолашыларды алмау туралы ескерту беріпті. Себебі Қарағанды облысында соңғы 3 күнде індет жұқтыру көрсеткіші тиісті саннан жоғарылап тұр -дейді ол. 

Қанат АСҚАРОВ, облыстың бас санитар дәрігері:

- Егер бір апта бойы індет жұқтырғандар санында  өсім болса, онда біз карантин шарасын қайта күшейтеміз. Сондай-ақ, ашылған нысандарды жауып, қалааралық автобустарды қайта тоқтатуға мәжбүр боламыз. Соңғы үш күн бойы ауру көрсеткіші 8,9 процентке жетті. Ал, ол 7 проценттен аспауы тиіс еді.  

Әлі де жабық жатқан Теміртау қаласы- індет жұқтыру көрсеткіші бойынша Қарағандыданда басым түсті. Онда COVID-19 жұқтырғандар жүзден асып отыр. Сондай-ақ Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде де күшейтілген шаралар енгізілді.  Облыста қатерлі індет жұқтырғандар саны 300-ге жетті. Олардың 160-тан  астамы сауығып шықты. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар