КАРАНТИН: ҚҰРБАН АЙТ

17:03, 28 шілде 2020

31 шілде күні - мұқым мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Алайда шектеу шараларына байланысты биыл мешіттерде құрбан айт намазы оқылмайды. Сонымен қатар құрбандық шалу рәсімі онлайн түрде болады. Ұлық мейрамға дайындық барысы қалай өтуде? Бұл туралы облыстық Әнет баба мешітінде журналисттермен өткен баспасөз конференциясында толығырақ баяндалды

Барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам Құрбан айтты  биыл әдеттегідей қарсы алмаймыз.  Қасиетті мереке де онлайн-режимде өтеді.   Әдетте мешіттерде таңсәрімен Айт намазы оқылып , құрбандық малы шалынатын. Алайда, бұл жолғы рәсімдердер елімізде дерттің дендеуіне байланысты басқаша өрбімек.  Биыл Алла үйінде жамағатпен Құрбан айт намазы оқылмайды.  Құрбан шалу да онлайн өтеді. Яғни, бұрынғыдай сойылатын малды таңдап, қасапшымен тілдесуге болмайды. Барлық рәсімдер қашықтан жүргізіледі -деп жоспарланып отыр. Осыған орай, Qurban2020.kz сайты іске қосылды.   

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, Қарағанды облысының бас имамы:

- 31 шілде айттың бірінші күні болып есептеледі. жәнеде бірінші, екінші тамыз. Осы үш күн бойы айт мейрамы жалғасады. Құрбан-2020 сайты іске қосылды.  Сол сайт арқылы әрбір мұсылман өзінің құрьан шалатын малына тапсырыс бере алады.  Qurban2020.kz сайтына кіргенде  сілтемелер арқылы барлығы көрсетіліп тұр.

Қашықтықтан құрбан шалуға арналған портал 24 сағат бойы жұмыс істейді.  Онда 30 шілдеге дейін құрбан шалуға тапсырыс қабылданады.  Бұл жолғы, құрбан шалу рәсімінің ерекшелігі-ет түгелдей  мұқтаж жандар мен  отбасыларға үлестіріледі.  Яғни, бұрынғыдай адам малды өзі таңдап, қасапшының жанында тұрып, дұға оқуына мүмкіндік жоқ.Сондай-ақ құрбандығының бір бөлігін үйіне әкете алмайды.  Діни басқарма мал еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылатынына кепілдік береді. 

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, Қарағанды облысының бас имамы:

- Құрбандық шалған кезде оны бейнетаспаға түсіреміз.Сол адамның есімін атап, қойды немесе ірі қара малды шалғаннан кейін біз сол бейне есепті, құрбан шалған адамға  дәлел ретінде жібереміз. Ол біз үшін әрине аманат екенін біз  түсінеміз.

 

Сонымен құрбандық  шалуды ниет еткен жандар сайтқа өтіп, арнайы бөлімде өтініш қалдыра алады.  Өтініш беруші тұрғылықты жерін көрсетіп, құрбандыққа  ірі немес ұсақ малды таңдайды.  Тиісті анкетаны толтырғаннан кейін, банк реквизиттері бойынша қажет қаржыны аудару мүмкіндігі бар.  Айта кетейік аталмыш сайтта мұқтаж жандар да құрбандық етіне өтініш беруге  болады.  Ал мұқтаж отбасыларға құрбандық малының етін үлестіруде еріктілерді тарту жоспарланып отыр.

Махмұд қажы НҰРҰЛЫ, «Бала қажы» мешітінің бас имамы:

- Биыл карантинге байланысты  көп адамдарда жұмыс жоқ, жағдай қиын. Карантин кезінде үш мешіт бірлесіп 2000-нан артық адамға көмектескен болатынбыз.  осы жолы да біраз адамға көмегімізді тигіземіз деп ойлаймын.

Айта кетерлігі  құрбандық малының құны әр өңірде әр түрлі.  Мәселен  тоқтының құны 40 мыңнан басталса,  қой 50 мыңнан жоғары.  Ірі қараның бағасы сайтта 300-350 мың теңге деп көрсетілген.  Бұл ретте дін қызметкерлері  азаматтарға мал құнын нарықтық бағадан асырмауға шақырады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар