Қарағандылықтар жол жиегі мен жяу жүргіншілер жолының қардан тазартылмағанына наразы

Өткен аптада жаңалықтарымызда көтерген қар тазалау тақырыбына қайта оралсақ. Осы демалыс күндері облыс орталығындағы көшелер тазаланғанмен, әлі де аулалар қалың ақ ұлпадан аршылар емес

19:20, 10 қаңтар 2017   54

Қала тұрғындары қалың жауған қардың жол жиегі мен жяу жүргіншілер жолының осы күнге дейін уақытылы тазартылмағанына наразы. Себебі, басты көшелерді аршудан қолы босамаған коммуналшылар қаладағы өзге көшелерде әлі де төбе көрсетпепті. Мәселен мынау ***** көшесі. Мұнда да жердегі тротуар мен жолды ажырату қиын. Аулалардан арнайы қар тазалау техникасының жақын күндерде өтпегені де байқалып тұр.

Қарағандылық Валерий НИКОЛЬСКИЙ да аулалардағы омбы қардың тазаланбай жатқанрына көңілі толмайтын көпшіліктің бірі. Тұрғынның сөзінше, ПИК бұл аумақта бұрыннан құрылғанмен, қар тазалау жұмыстары міндеттеріне жатпайтын айтып ақталады екен. Қоғамда белсенділік танытып жүретін Валерий қыс түссе, қолымнан күрек түспейді деп тағы қынжылады.

Жалпы, аймағымызда толассыз жауған қардың тоқтағанына бірнеше күн болған. Алайда, аулаларда тіршілік орнағаны соншалық, алаңқайда мәре сәре болып жүретін балалар да далаға шығудан қалған. Ал, көлік жүргізушілер қалың қарда милап қала береміз деп наразы.

Шығарылмаған қарды айтпағанда, көп жерлерде жол күрелмеген де. Қар тазалау мәселесі коммуналшылардан бөлек пәтер иелері кооперативтерін де алаңдатпайтын да сыңайлы. әкімдік өкілдерінің сөзінше, аула аумақтық қар тазалау жұмыстары ПИК күшімен жүзеге асырылуы шарт көрінеді. Дегенмен, ПИК өкілдері бұл жұмыстарға қаржы мәселесінің жетіспеушілігін алға тартуда.

Күртік қарды күреуді міндеттері санамайтын олардың сөзі мен ісі тіпті жанаспай тұрғанын билікпен бұқараның бірлесе жұмыс жасамай отырғаның айғағы.  Оған жауаптылар  қыстың қамын жазда ойлап, техниканыда сақадай сай қылып қоюлары тиістігін ұмытқандай.

Ал, қыстың екінші айында қардың қаншалықты жауары белгісіз. Сондықтан, тұрғындар мен ПИК бірлесе жұмыс атқарса, аулалардағы қарашаның мазасын қашырған қарды да тез арада қырып тастауға болатыны һақ. Ендігі уақытта тұрғындар бар сылтауды қаржыға тіреген ПИК өкілдерінің көңілін тауып, тазалыққа төс қағыса кіріскен абзал.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25