ҚАРАҒАНДЫҒА ИКОНА ЖЕТКІЗІЛДІ

16:26, 15 мамыр 2019

Ресейдің көне қаласы- Костромадан Қағандыдағы православ шіркеуіне қасиетті Феодоров икона әкелінді.Мінәжат етушілер Құдай ана иконасы алдында отбасыларына береке-бірлік тілеп табынған . Қастерлі белгі ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпалын тигізеді деген наным бар. Икона православ дінінде киелі саналады. Шіркеу аңызы бойынша, икона біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында Інжіл Лукамен жазылған. Дін қызметкерлері иконаға сыйынушылардың дұғасы қабыл болып, көптеген адамдарға көмектескенін айтады

Александр Митрополит, Қазақстанның Православие шіркеуінің басшысы:

-Мен Қарағанды қаласының барлық тұрғындарын Қасиетті-Введенский соборына келуге  шақырамын. Бейбітшілік пен келісім үшін дұға етіңіздер.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар