Қарағандыдағы көп қабатты үйлерге жылу қара суық қаһарына міңгенде ғана беріледі - дейді мамандар

19:12, 13 қыркүйек 2017

Ағымдағы жылы №3 Жылу электр станциясына тиесілі 4 ірі қазандығы мен 5 турбиналық қондырғысына күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал, №1 жылу электр орталығы қысқа сақадай сай. Бүгінгі күні кәсіпорнының қысқа дайындығын қалалық мәслихат депутататтары бақылап қайтты

Сәтін салса, 6-шы қазандықта күрделі жөңдеу жұмыстары аяқталатынын айтады тиісті саланың мамандары.  Биылғы жылға бұл №3 жылу электр станциясында жасалып жатқан ең ауқымды жөндеу жұмыстарының бірі. Бу сыйымдылығы сағатына 420 тоннаны құрайды. Аталмыш нысанды қалалық мәслихат депутаттар бірінші кезекте тексеріп қайтты.- Қысқа дайындық Қарағанды тұрғындарын алаңдатып отырған басты мәселе  - дейді комиссия төрағасы Төлеген Әшімов. Қарағандыдағы негізгі жылу жүктемесін №3 жылу электр станциясы игереді. Барлық жөндеу жұмыстарына шамамен 3 млрд 300 млн теңге жұмсалды. «Қарағанды энергетикалық орталығының» директоры атап өткендей, биылғы жылы барлық техникалар күрделі жөндеулерден өткен.

Андрей ЛЯПУНОВ «Қарағанды  жылу орталығы»  ЖШС директоры

Жылу маусымы  №3 жылу электр станциясынан басталады. Қазір №3 жылу электро орталығындағы жұмыстар аяқталды, қысқа дайынбыз. Барлық қондырғылар күрделі жөңдеуден өтті. Ал, 6-шы қазандықты 20-шы қыркүйекте аяқтап, іске қосамыз.

Қысқы дайындыққа байланысты Қарағанды маслихатының депутаттары мазут пен көмір қорына ерекше назар аударды. Ал пәтер   кооператив иелері болса, барлық жұмыстар уақытылы аяқталатынына сенімді.  

Андрей ЛЯПУНОВ «Қарағанды жылу  орталығы» ЖШС директоры

Энергетия саласының мамандары біз жорып атйа алмаймыз. Дегенмен, станцияның жабдықтары барынша салмақты көтеруге дайын болады.

Қазіргі кезде 1-ші жылу электро станциясының жұмыстары  100 пайызға дерлік дайын. Дегенмен, кейбір ұсақ-түйек  жөндеу жұмыстары жылу беру маусымына қатты әсер етпейді – деп «Қарағанды жылу орталығы» мамандары кепілдік беруде. Ал, Қарағанды тұрғындарының үйлеріне  жылу  күн райы күрт суыған кезде беріледі.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...