Қарағандыдағы АК 159/18 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер уақытын бос өткізбей, кәсіп меңгеруде

15:43, 19 сәуір 2017

Қазір сотталғандар абақтыдағы өндіріс цехтарынында әр түрлі дүниелерді жасауға кіріскен. Әсіресе, ұлттық оюмен өрнектелген туындыларын «Экспо-2017» көрмесіне ұсынып, дүйім жұртты тәнті етпек

Талайды тамсандыратын тың туындылар түзету мекемесінің осы цехында жасалады. Мұнда жазасын өтеушілердің ішінен іріктеліп алынған шеберқолды бірнеше азамат еңбектеніп жүр. Таңнан кешке дейін темір торда телміріп текке жүрмей, табыс табуды жөн көргендердің бірі -Ли Андрей. Жеті жылға бас бостандығынан айырылған оның 5 айдан соң сотталу мерзімі аяқталмақ. Оның қолынан шыққан туындыларды көпшілік «Экспо-2017» көрмесінде тамашалайтын болады.

Андрей ЛИ  жазасын өтеуші

«Экспо-ға» қолдан келген заттарымызды жасаудамыз. Шетелдіктер мәдениетімізбен де танысып қалсын деген ниетіміз бар. Мысалға, домбыра соның бір үлгісі. Қамшы да жақында дайын болмақ. Ұлттық өнер жабдықтарын жасау қиын болғанмен, өте жоғары бағаланады.

Цех ішіндегі әрбір туынды қазақы ою-өрнекпен көмкерілген. Мысалға, мына дөңгелек жер үстелдегі бейнелер толықтай қашалып жасалған. Тіпті, үстелді жинап қоюға, қаласаңыз үлкейтіп, аяғын көтеруге де болады. Құны шамамен 50 мың теңгеден асып жығылады.Бұл түзету мекемесінде түрлі тағдыр иесі бар. Білместікпен жаза басқандар да, қасақана қылмыс жасағандар да осында.  Ең бастысы, қатардан қалмай алға ұмтылады. Солардың бірі - Нариман Мақұлов осы жерден шыққаннан кейін жаңа өмір бастауға өзіне серт берген. Бүгінде  АК 159/18 түзету мекемесінде 750 адам жазасын өтеп жатса, оның 300-і еңбекпен қамтылыпты. Темір торға тоғытылғандар жұмыссыз қалмайды –дейді, Гүлбаршын Смағұлова.

Гүлбаршын СМАҒҰЛОВА, түзету мекемесінің бөлім басшысы

Мұнда жасалып жатқан әр өнімнің өзіндік ерекшелігі барын тез байқайсыз. алыс жақын елден келген қонақтар Экспо-да сатып алып жатса, отанымыз жайында мәңгілік естелікке ие болар еді. Жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыруды мықтап қолға алудамыз. Бұдан өзге тағы бір кәсіпкерлік тобында бес адам еңбек етуде. Жарық(светодиод лампа) шаммен арнайы киімдер тігетін  кәсіпкерлік субектісі ісін бастаса, тағы да он бес адам жұмыспен қамтылмақ.

Мұндағылар,  шетелдік тауардан гөрі шын ықыласпен жасалған осындай бұйымдарды сатып алған жөн деп санайды. Тіпті, абақтыдағылар кез-келген дүниені сәнін келістіріп жасау бере аламыз, -дейді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...