Қарағандыдағы АК -159/1 мекемесі тергеу ашықтығына көшті

17:00, 11 қазан 2017

Енді тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқанын күдіктінің жақындары арнайы қойылған экран арқылы көріп отырады

Қазір тергеу  изоляторда 7 бірдей  кабинет ашылды. Бұл бөлмелерінің қабырғалары шынылы болғандықтан, іштегі барлық жағдай айқын көрініп тұрады. Сондай-ақ, мұнда бейнебақылау орнатылған. Тергеудің қалай өтіп жатқанын күдіктінің туыстары арнайы залға қойылған монитордан онлайн арқылы бақылай алады. Осылайша жұрттың құқық қорғау органдарына сенімін арттырады. Ербол Үмбетов бұл мекемеге өзінің досының халін сұрай келіпті. Жолдасы екі ай бойы осында күдікті ретінде тергелуде. Бүгін серігін өз көзімен көру ішін, азық-түлік пен киім-кишек тәрізді қажетті заттарды ала келген.

Ербол ҮМБЕТОВ  қала тұрғыны

-Осында келуші адамдардың барлығы үшін тиімді деп ойлаймын. Бұрын-соңды болмаған жағдай ғой енді. Ашық түрде, қабырғаның арғы жағында не болып жатқанын туысқандары білмейтін. Енді мынау қолайлы деп ойлаймын.

Өткен жылы бұл мекемеде 5 мыңдай тергеу амалдары жүргізілген. Алайда қандай жағдайда өткенін толық бақылау қиындық тудырған еді-дейді прокуратура өкілдері.

Марат СЕКСЕНБАЕВ  Қарағанды облысының прокуроры

-Оның барлығы бір жабық кабинеттерде өткізілген. Мұндай кабинеттерде адамдардың құқықтарын толық қамтамассыз еттік, оларды қорғадық деп айта алмаймыз біз. Өйткені оның ішінде не болып жатқанын тергеуші мен жанағы тергеліп жатқан тұлға ғана біледі. Осы жағдайды өзгерту үшін айқын кабинеттерді аштық.

Облыс бойынша аталмыш мекемелерде 25 арайы кабинеттер бар. Айта кету керек, тергеу амалдарының жазбалары сақталады. Егер тәртіп сақшыларының тарапынан заңға қайшы іс-әрекеттер байқалса күдіктінің туыстары арнайы органдарға шағымдана алады.

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...