Қарағандыда жаңа мобильді қосымшасы іске қосылады

15:36, 4 тамыз 2017

Пилоттық жоба ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен құрылған. Аталмыш сала мамандары шетел тәжірибесін зерттей келе, Қазақстанға да бұл қосымшаны енгізуде. Жаңашылдық халықтың электрондық Жолдауларын қабылдап, жедел жауап беріп отырады

Өздеріңізге белгілі, бүгінде халық әлеуметтік желі арқылы айналада болып жатқан кез келген оқиғаны қызу талқылайды, пікір білдіреді.  Алайда халықтың шағым, наразылықтары кейде жауапсыз қалып жатады. Енді әрбір азамат байқаған олқылықтарды телефон арқылы жауапты мекемелерге жіберіп, тиісті жауап алуға мүмкіндігі бар.

Абу-Әли Саттар ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті төрағасының орынбасары

- Егер мәселе жерге немесе тұрғын үйге қатысты болса онда бұл сұрақ автоматты түрде сол органдарға жіберіледі. Соған сәйкес жауапты орган мәселені шұғыл шешеді. Мәскеуде бұл жоба өте тиімді жұмыс істеуде.  Енді Қарағандыда да сәтті жүзеге асады деген ойдамыз.

Ол үшін смартфоныңыздан «Qamqor»  қосымшасын тауып алып, телефоныңызға жүктеп алсаңыз болғаны. Мобильді қосымша Appstore, Android, Google play қолданушыларына  қолжетімді. Жаңа жобаны ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика комитетінің мамандары жасап шығарған.  Мобильді қосымшаны жасауға  екі ай уақыт кеткен.

Нұрлан Әубәкіров Қарағанды қаласының әкімі

-  Жолаушылар тасымалына жауап беретін коммуналды қызметтің жұмысы арта түсері сөзсіз.Әрине шағым ұлағаяды.  Сол арқылы біз жұмыстың   нақты көрінісн көретін боламыз. Біз ары қарай қаржыландыру мәселесін шешіп, жұмысты бір жүйеге келтіреміз..

Пилоттық жоба Павлодар қаласында жұмыс істеуде. Қосымша өз тиімділігін көрсетуде.  Бұл жаңашылдықты Қарағанды  қаласының әкімдігі бірден қолдады.  Сәтін салса, 14 тамыз күні жоба іске қосылады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...