Қарағандыда «TOM: Қазақстан» халықаралық әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды

17:39, 13 қараша 2017

Байқауда,студенттер, оқытушылар, дәрігерлер, инженерлер, бақ сынады. Ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдар үшін, роботтық техниканың қызметі де да таныстырылды

 «TOM, Қазақстан» байқауы бұл қолөнершілер сайысы. Басты  мақсат - ерекше көңіл бөлуді қажет ететін  адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Үміткерлердің  өз идеялары бар. Байқаудың шарты бойынша әр қатысуышы тек  жобаны іске асырып қана қоймай,  бар болғаны  - 72 сағатта, роботатехниканы құрастыру керек.                             

Жанна МИЛАТАНОВА  байқауды ұйымдастырушы

Бұндай байқаулар өткізу өз нәтижесін береді. Бұл кембағал жандар мен зағиптардың өмірге деген құштарлығын арттырады. Олар да қоғамға өз үлесерін қосу арқылы өз белсенділіктерін арттырады.

Еліміздің түкпір түкпірінен  10 команда байқауға қатысты. Көпшілік назары  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электрлік арба жобасына ауды.  Бұл еңбектің ерекшелігі  адамды   жоғары көтеріп, төмен түсіруге мүмкіндік береді. Ал аяқ буындарын қимылдататын, эко-мүсін  көктайғақ  кезінде қауіпсіз  қозғалуға мүмкіндік береді. Алматы мен Қарағандылық  ұлттық құрама командасының жұмысы үлкен қызығушылық тудырды. Бұл бастамалар зағип, жандардың жақсы көріп, дұрыс бағыт-бағдар ұстануына да  мүмкіндік береді.  Яғни  жолдың жай-күйін, тіпті биіктігіне дейін анықтайды. Ал көше көктайғақ болса, дабыл беру қондырғысы бірден іске қосылады, дейді, Ибрахим Рустамбек

Ибрахим РУСТАМБЕК байқауға қатысушы

Байқау өте жақсы өтті. Бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Келешекте де өз жалғасын табады  ғой деген ойдамыз.

 

Инноваторлардың бұл  жобалары көптеген зағип адамдардың мәселесін шешеді. Себебі мұндай техниканың көмегінсіз қозғалу қиынға соғады, деп есептейді Асхат Егеубаев.

Асхат ЕГЕУБАЕВ мүгедек

Мен  өте риза болдым,   жігіттердің  көзқарастары өте жақсы.Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін бұл өте ыңғайлы, дейді ол.

Байқауға, студенттер, оқытушылар, дәрігерлер, инженерлер,  қатысты.Бір сөзбен айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бұл өте тиімді, дейді қатысушылар. Байқау нәтижесі бойынша,  Риборн командасы жеңімпаз атанды.Олар ұсынған жобаларының тиімділігін әділқазылар алқасына дәлелдей алған.  Көз жанарынан зағип болған жандар командасы үздіктер қатарынан көрінді.

Сейітқали ӘШІМ

  

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...