Қарағандыда «Тең-теңімен» акциясы басталды

Оның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дамыту, қызметкерлердің тұрғындарды қабылдауын және әдеп нормаларын сақтауын жақсарту. Бұл міндеттер қаншалықты орындалатынын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және жемқорлықтың алдын алу Агенттігінің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры бақылап қайтты

21:45, 19 мамыр 2017   188

Жылдан-жылға мемлекеттік қызмет түрлерін пайдаланатын тұрғындар саны артып келеді. Ендігі мәселе сол қызметтің сапасын жақсарту болып отыр. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және жемқорлықтың алдын алу Агенттігінің өкілдері облыстың бірнеше ХҚКО болды. Департамен басшысы мамандармен кездесу барысында халыққа қызмет көрсету оңай жұмыс еместігін және біліктілікпен қатар, білімді қажет ететінін түсіндірді. Алайда барлық қызметкерлердің тәжірибесі жоқ, сондықтан мәселелер туындайды. Мысалы, негізсіз құжат қабылдамау, өтініштерді көп уақыт қарау, әдеп сақтамау секілді жағдайлар жиі кездеседі екен.

Әділбек МҰҚАШЕВ ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі департаментінің директоры

ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы аз екені баршаға аян. Ал жұмыстары ауыр. Мамандар сондықтан жиі ауысады, басшылық бұл мәселені жақсы біледі. Қазіргі уақытта шешу жолдарын қарастырып жатырмыз.

Одан кейін мамандандырылған ХҚКО барды. Онда «Тең-теңімен!» акциясы басталды. Шараның көздегені -  мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға көңіл аудару. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қызмет көрсету сапасы мен әдеп нормалары түсіндіріледі.  

Әділбек МҰҚАШЕВ  ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі департаментінің директоры

ХҚО қызметінің жұмысына баға беретін, әрине халық. Егер қандай да бір мәселе туындаса, көңілдері толмаса,, азаматтар бізге айта алады. Анықтап, шешетін боламыз.

«Тең-теңімен!» акциясы біздің аймақта басталды. Енді барлық облыстарда жалғасын табады. Мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықғы мен тәртібі туралы ақпараттар таратылады.

Асылбек ТОЙБЕК

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25