Қарағандыда шағын және орта бизнес өкілдері үшін шеберлік-сыныбы өткізілуде

16:03, 9 тамыз 2017

Тренингтің мақсаты - жас кәсіпкерлерге өз бизнестерін бастау жолдарын түсіндіру, қаржат табу тетіктерімен таныстыру -дейді ұйымдастырушылар

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің биыл ашылғанына 2 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бизнес негіздерін меңгергендер арасында жоғары да тұрақты табысқа қол жеткізіп жатқандар қатары артқан. Аталған мектеп жетекшісі Ахметбек Нұрсила қарағандылық орта және шағын бизнес өкілдеріне тегін шеберлік-сыныбын өткізуде.  Оның кәсіпкерлік саласындағы өтілі 25 жылдан асады. Осы уақыт ішінде бірқатар өндіріс орындарын ашуға септігін тигізген. Ол әлемдік деңгейдегі танымал бизнес-жаттықтырушылардан сабақ алған. Бүгінде кәсіпкердің Қазақстанның барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Бүгінгі күні мыңнан астам адам «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің оқуларына қатысып, өз істерін ашқан көрінеді. Қарағандылықтар да мүмкіндікті жібермей, бизнестің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Айта кететін жайт, тренинг мемлекеттік тілде өткізіледі. Шеберлік-сыныпта тәжірибелік, іскерлік мәселелерден басқа, кәсіпкердің  рухани-мәдени дамуына да көңіл бөледі.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...