Қарағандыда ҚР ІІМ құрметті ардагері, милиция генерал-майоры Владимир Шумиленко атындағы турнир мәресіне жетті

17:23, 13 ақпан 2018

Бұл жолы бәсеке Астана қаласының 20 жылдығы мен Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуының 29 жыл толуына арналды

Генерал-майор Владимир Шумиленко өмірінің 36 жылын ішкі істер органына арнаған. Ол ауған еліндегі соғыс тұсында да КСРО ІІМ кеңесшісі болып, сол жақта абыройлы қызмет еткен. Еселі еңбектің арқасында өткен жылы Владимир Петровичке Қарағанды қалалық ІІБ  мекемесі ауласына ескерткіш тақта қойылды. Ал, биыл оның құрметіне облыстың барлық аумағының тәртіп сақшылары қатысқан воллейболдан жарыс өткізілді. Шенділер додасын тамашалауға келген Владимир Шумиленконың әріптестері мен жұбайы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Людмила ШУМИЛЕНКО  В. Шумиленконың жары

Өз атымнан, отбасымның атынан турнирді ұйымдастырушыларға мың алғыс айтамын. Владимир Петровичтің есімін ұлықтап жатқан сақшылардың жұмыстары жемісті болсын. Өткенді ұмытпай, еске алып, елеген ІІД ұжымына рахмет.

Владимир Шумиленко  1985 жылы  Қарағанды  облыстық атқару комитеті ІІ Басқармасының  бастығы міндетін де абыроймен атқарған. Батырдың  ерен еңбегі де еленіп «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Биыл сегізінші рет жалауын желбіреткен жарыста аймағымызға қарасты барлық өңірлерден 22 команда бақ сынасты. Жалпы есепте бірінші орынды облыстық ІІД аппараты иеленсе,  екінші орынға «Айдауыл» қызмет ротасы табан тіреді. Ал, үштікті Қарағанды қалалық ІІ басқармасы жол патрульдік  полиция полкінің командасы  қорытындылады.

Қайрат ТӨКЕШОВ облыстық ІІД АДБ бастығы

Бұл жарыс дәстүрге айналған. Генерал майор Владимир Шумиленконы еске алу мақсатында сақшылар тартынып қалмады. Мұнда денсаулық салтын ұстаным еткен полицейлер жиылған. Барлығы дерлік, ынта ықыластарымен жарыс көркін қыздыра түсуде. Жарыстың негізі мақсаты - аймақтағы тәртіп сақшылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ерлігі ескірмейтін ерлердің есімін ұмытпай, ұлықтау.

Турнир соңында, күллі қатысушыларға  естелік кубоктар мен  медальдар салтанатты түрде табысталды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
16:38, 21 ақпан 2018
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Толығырақ...