Қарағандыда биыл 14 нысан абаттандырылады

17:46, 19 сәуір 2017

Оның ішінде 4 аула Қазбек би, 6 аула Октябрь ауданында қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ бірнеше гүлзаларларға да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кеншілер шаһарында бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жүргізіліп келеді

Бұл Құрылысшылар даңғылындағы 19 –шы үйдің ауласы. Таңертеңнен бері мұнда қызу  жұмыс басталған.  Аталған үй «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту»  бағдарламасы арқылы  жөндеуден өткен болатын.  Енді тұрғындар  бағдарламаның игілігін көруде. Аулаға қоршаулар тұрғызылып, асфальт жабындары қалпына келтіріледі. 

Ербол Нукич  Қазыбек би аудандық жоспарлау бөлімінің жетекшісі

Лободы көшесінен Бұқар жырау даңғылына, Ерубаев пен Әлиханов көшелеріне шығатын өте  үлкен гүлзар салынады. Оның құрылысына 110 млн теңге қарастырылған.

Абаттандыру жұмыстары аясында   бірнеше түп ағаш отырғызылады. Балаларға арналып ойын және  спорт  алаңдары салынады. Тек аула тұрғындары  мәдениеттілік танытып,  ұқыптылық сақтаса,  дейді ПИК төрағасы.

Людмила Галикевич    ПИК төрағасы

Қаланың дамуына үлкен үлес қосылуда. Өте ризамыз.  Барлығымыз да анамыз, сондықтан баларарымыздың  дұрыс демалып, ойнағанын қалаймыз. Ауламыздың көркі кіріп,    жұмыс нәтижелі болады деген ойдамыз.  

Сонымен қатар әкімдік биылғы жылы 9 шағын гүлзарларды толық ретке келтіруді жоспарлаған.  Абаттандырылған аулалардың одан кейінгі жағдайын ПИК  қадағалайтын болады.   Барлық нысандарға  бақылау камералары да орнатылмақ. Сәтін салса,  жұмыс тамыз айында аяқталады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...