Қарағандыда «Алмас қылыш» фильмі көрермен назарына ұсынылды

19:19, 10 қаңтар 2017

Туындының тұсаукесер рәсіміне келген шығармашылық ұжымды алдымен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қабылдады. Елімізге танымал актерларекі жылғы жуық түсірілген тарихи фильм жайлы пікірлесті

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің қабылдауына қоюшы-режиссер Рүстем Әбдірашов бастаған шығармашылық ұжым келді. Өнер майталмандары «Алмас қылыш» фильімінің көрермен үшін маңыздылығын атап өтті. Тарихтан сыр шертетін туынды Қазақ хандығының 550 және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту етілген. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған.
Облыс әкімі«Алмас қылыш» фильмінің түсіру жұмыстарына қарағандылықтартардың  зор үлес қосқанын мақтанышпен айтып өтті. Мәселен,жерлесіміз, қарымды қаламгер Ерлан Төлеутай туындыдағы диологтар авторы болған екен. Ал Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Қайрат Кемалов басты кейіпкер  Керей ханның рөлін сомдаған.

Аймақ жетекшісі қонақтарға қарағандыдылық өнер сүйер қауымның атынан сый-сияпаттарын тарту етті. Бұдан кейін,  шығармашылық ұжым  облыстық  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына келіп, «Уақыт КZ» хабарына қатысты. Актерлармен сұхбат  қазақ, орыс тілінде  10-ы және  11-ші қаңтар күндері  эфирден көрсетілетін болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...