Қарағандыда 2018жылға қарай балабақша мәселесі ойдағыдай шешілетін болады

13:02, 12 шілде 2017

Ол үшін билік басындағылар, мемлекеттік балабақша мен жекеменшіктегі бөбекжайлардың бағасын бір ретке келтірмек. Енді ата-аналардың балаларын мектепке дейінгі мекемелерге беруге мүмкіндіктері зор.Ал, қазір облыстың білім беру мекемелері жаңа оқу жылына дайындық үстінде. Ағарту саласы мекемелерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін Қарағандыда 48 мектеп пен балабақша жөндеуден өтеді. Олардың басым көпшілігінде күрделі ал, қалғанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде. Қазір жұмыстың қызған шағы: шатыр айырбастау, еденді қалыпқа келтіру, әйнектерді жаңалау сияқты тағысын-тағылары. Оған,1 миллиард,300 миллион теңге бөлінген. Жұмыс барысын облыс әкімі өзі қадағалап, біраз нысандарды аралап көрді. Пришахтинскіде, «Бота» жекеменшік балабақшасын қайра жөндеуден өткізу жұмыстары жүруде. 1 ай, уақыт бұрын қоғамдық кеңес қарағандылық кәсіпкер, Гакку Нұрғожинаның жобасын мақұлдағанды. Күзде,кәсіпкер 150 баланы қабылдауға дайын екендігін айтты.

Гакку НҰРҒОЖИНА кәсіпкер

Бұл нысанды 2016жылы сатып алғанбыз.Жөндеу жұмыстарын 2017 жылы бастадық.Бөбекжайды,Қыркүйек айында толық іске қосамыз.Жалпы сыйымдылығы150балаға шақталған. Келешекте оны ұлғайтып, тағы 120 бала қабылдасақ па дейміз. Оның жалпы сыйымдылығын 270 балаға дейін жеткізу ойымызда бар.

1 Маусымнан бастап кез-келген балабақшаға, бір деңгейдегі баға белгіленді. Биліктегілер мемлекеттік тапсырысты аңағұрлым арттырды.Ол, Қазақстан бойынша 26 мың теңге болып бекітілді.Енді ата-аналар, тек қана 11мың теңге айырмашылықты ғана төлейтін болады.

Ерлан  КОШАНОВ  Карағанды облысының әкімі

Президент тапсырмасына сәйкес,2020 жылға қарай,-100пайыз балабақшамен қамтамасыз етуіміз қажет.Біз оны 2018 жылға қарай толық орындаймыз.Бұл біздің жоспар-жорамалымыз.Біз осыған бара жатырмыз.Сұрақтар шешілуде.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, бизнес өкілдері үшін өте тиімді. Оған дәлел,жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны күн санап артуда.Жыл аяғына дейін облыс орталығында 25 балабақша ашу жоспарлануда.Алдағы күзде, өздерінің  түрлі-түсті жихаздарымен,-3200 бөбек қамтылмақ.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...