ҚАРАҒАНДЫДА 2 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

13:58, 20 наурыз 2020

Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус дертін жұқтырды. Оның ішінде Қарағандыда 2 адамның осы дертті жұқтырғаны анықталды. Брифингте бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы растады


20 наурыз таңертеңгі 08:30-дағы жағдай бойынша, Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандар саны 49 адам жетті. Оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді. Ол Минскіден ұшып келген ұшақтағы жолаушылардың ішінен анықталған. Олар 1971 және 1972 жылы туған Қазақстан азаматтары.  Айта кету керек, ол ұшақ 18-наурыз күні шаһарымыздағы әуежайға қоныдырылған болатын.  ​

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Қарағанды әуежайына келген жолаушыларды қарсы алу қатаң режимде болды. Барлық қауіпсіздік шаралары жасалды. Ұшақтан түскен адамдар  арнайы дайындалған автобусқа орналастырылды. Олардың біріде бірі әуежай ішіне, қала ішіне шықпады. Ешкіммен жақын қарым-қатынаста болған жоқ. Содан кейін барлығы бірдей карантин жарияланған арнайы медициналық орталыққа жеткізілді. Бүгінде короновирус жұқтырған 2 адамның жағдайы жақсы. Қатаң қадағалуда.

Анар АМАНБАЕВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар