«ҚАРАҒАНДЫ-ТЕМІРТАУ» АВТОБАНЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ

17:32, 13 қыркүйек 2018

«Қарағанды-Теміртау» аралығындағы жаңа автобанды қайта жөндеу керек. Жол сапасын тексеруші мамандар шамамен 5 шақырым күрежолдың бетонында жарықтар пайда болғанын анықтаған. Себебін білу үшін сарапшылар республикалық маңызы бар жолға шықты. Мамандар гео радар қондырғысының арқасында салынған жолға қанша бетон құйылып, оның құрамын анықтайтын болады

Қарағанды-Теміртау жолында  екі-үш күн бұрын мына жарықтар пайда болған. Қосымша жолақ құрылысы  мұнда жарты жыл бұрын ғана басталған еді. Бүгінде жолдың көлемі 13 метрді құрайды. Кенеттен шыққан олқылықты жобаға жауаптылар былайша түсіндіруде.

Бақтыжан НҰРТАЕВ, жобаның бас инженері:

-Шахта болса жылда түсе береді. Ол жарты метр, бір метр түсе береді. Жолға әсер етуі мүмкін. Сосын айтайын машина өте көп Теміртау мен Қарағандыныңортасында. Тәулігіне 23 мың көлік қатынайды.

Қазір жолдың жарықтары пайда болған аумағында арнайы георадар, сканер құрылғылармен жабдықталған техника жұмыс істеуде. Ол арқылы жолдың 1,5 метр тереңдігіне дейінгі қабатын тексеруге болады. Шамамен 1 апта ішінде осы 5 шақырым аумақтың толық техникалық жайы туралы сараптама қорытындысы шығады. 

Сейділдә ПӘКЕНТАЕВ, мердігер компанияның бас директоры:

-Алматы-Қапшағайда, Астана-Павлодарда салдық, Батыс Қытай-Батыс-Еуропада салдық Оңтүстік Қазақстанда. Мұндай бізде болған жоқ еді. Қазір енді соны зерттеп жатырмыз. Қандай жарық, ақау болғанын анықтап, өзіміз жөндеп, абыройымызды құртпау үшін істейміз.

Мердігерлік компания шығынды толығымен өз мойынына алады. Себебі автобанның қос қала арасындағы бөлігі толығымен біткен жоқ. Тек келер жылы тапсырылады. Бұған қоса 5 жылға дейін  кепілдік мерзімі бар. Айта кету керек, магистральді салуға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...