Қарағанды шахарындағы Орталық саябақтың басшылығы жіберілген кемшіліктерді түзетті

00:02, 11 шілде 2017

Қаланың қоғамдық кеңес мүшелері жүргізген рейд жұмыстарынан кейін саябақта жедел жұмыстар басталды

Вот стационарный наш биотуалет, который посещают гости. В условиях парка. Он бесплатный? Бесплатный

Орталық саябақтағы дәмхана иелерінің бірі - Бақытгүл Ғабдуллина келісімшартқа сай орнатылған био-дәретхананы көрсетуде. Оны дәмханаға келушілер ғана емес, серуендеп жүрген халықта қолдана алады екен.

Бақытгүл ҒАБДУЛИНА  дәмхана өкілі

-Кіші және орта бизнес өкілдері адал, заңды түрде   жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған. Біз талаптарға сәйкес биодәретханаларды орнатып, санитарлық тазалықты сақтауымыз керек.

Ал мынау өткенде көрсеткен дәретханананың өзгерген кейпі. Ол тазартылып, жуылған.Яғни санитарлық талапқа сай. Енді толықтай қолданысқа дайын. Ал мына бір дәмхана жұмыс істеп тұр. Алайда мұнда дәретхана мәселесі қарастырылмаған. Дәмхана басшылығы ертең бұл мәселені шешіп, сын ескертпелер мен өтініштерді орындаймыз - деп сөз берді.

Жомарт АЛДОНҒАРОВ ,  Еуразия кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы

- Қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысының арқасында мұндай келеңсіздіктер жойылуда. Ақырындап  дәретханалар орнатылады. Әрине ол үшін уақыт керек.

Рейд жұмыстарынаның нәтижесі жаман емес. Оң өзгеріс байқалады. Субұрқақ тазартылып, плиталар қайта төселуде. Кәсіпкер Вартан Микоян  катамарандарды жалға берумен айналысады. Ол келісімшартқа сай талаптардың барлығын қатаң сақтайтынын жеткізді.

Вартан МИКОЯН кәсіпкер

- Келісімшартқа сай біз қауіпсіздік технипкасын сақтауымыз қажет. Айналамызды тазалықта ұстауымыз да біз үшін маңызды.

Басты талап – саябақтағы демалушыларға жақсы қызмет көрсету. Сондай - ақ бизнес саласының да дұрыс жүргізілуі қажет. Саябақ басшылығының айтуынша, ескертулерді елемеген жағдайда жалға алушылармен келісім шарт дереу тоқтатылады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...