ҚАРАҒАНДЫ. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

17:53, 22 наурыз 2019

Көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың нышаны саналатын Ұлыстың Ұлы күні қаламызда аталып өтті. Келбетіне көркі келіскен өнерпаздар мейрамның сәні мен мәнін келтірді.Сахнадағы Қыдыр бабаның ақ батасы Наурыздың ажарын аша түсті. Бұл күні шаһар тұрғындары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан тепті

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ, тілші:

-Тағы бір жыл тарих парақтарында қалды. Бүкіл Түркі әлеміне ортақ дәстүрлер тоғысы, ұлт пен ұлысты біріктірген, шаттық пен қуанышқа бөлеген Наурыз мейрамы облыс орталығындағы саябақта бар  сән-салтанатымен бастау алды. Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасын жібіткен бұл күні арқаның аспаны да шайдай ашық.

Бұл күні мыңдаған қарағандылықтар орталық  саябаққа ағылды. Мұндағы тігілген ақшаңқай киіз үйлер, ұлттық киім киіп, бір-бірін құттықтаған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.

Абылайхан СҮЛЕЙМЕНОВ,  қала тұрғыны:

-Асалаумагалейкум! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Ашық аспан болсын! Наурыз құтты болсын!

Томирис ЕЛТАЕВА, қала тұрғыны:

-Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Қазақстан гүлдене берсін! Елімізде соғыс болмасын. Наурыз құтты болсын!

Жанкелді ОМАР, қала тұрғыны:

-Наурыз мерекеміз құтты болсын! Халық іші бейбітшілік пен береке болсын. Жылда осылай тойлана берсін. Елімізге жақсылық тілеймін. Жылдан жылға Наурызға аман-есен жете берейік!

Кәмшат ӘБДІҚАДЫРОВА, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Ырыс мол болсын! Мереке күшті өтуде. Керемет өтуде.

Зайырлы мемлекетіміздің бай тарихы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі  Наурыз мейрамында бір жаңғырады. Соның бір дәлелі, этноауылдағы көріністер. Шымылдықтың иесі жас келін, бесікті тербеген әзиз ана, ұршықпен жүн иіріп отырған әже.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ, тілші:

-Наурыз күні халыққа арналып бұл жерде көрме ұйымдастырылған екен. Атадан балаға мирас болып келе жатқан, диірменіміз де бар. Кезінде жаугершілік заманда апаларымыз бен аталарымыз осы диірмен арқылы ұн жасаған. Мінекей, мына жерге бидайды салып, ұн шығарамыз.

Виталий НЕСИПБАЕВ, корреспондент:

- Наурыз пришёл в Караганду. По традиции, праздник встречают тысячи людей. Власти, в этот раз решили не перекрывать дороги, а все гулянья и представления проходят в центральном парке. В этом году много разговоров велось о формате празднования, новый формат Наурыза предложил министр Мухамедиулы, где по замыслу главный акцент сделан на воспитании молодёжи. Собственно последние в этом году и развлекают народ. На сцене поют и танцуют молодые артисты. Но, и не надо забывать, Наурыз - это вкусно. На Востоке верят — чем щедрее праздник, тем лучше будет следующий год.

Наурыз – это еще и познавательно. Этно-аул не только угощал, но и удивлял. В этой юрте музей шахтерского труда и металлургии.Некоторые экспонаты настоящая редкость.

А под этим шаныраком хозяйничали роботы. Юные умельцы показывали всем желающим своих электронных питомцев.

Центральный парк что-то вроде большей городской ярмарки. Одни развлекали народ, другие зазывали отведать узбекского плова, кавказские шашлыки, а другим и вовсе, раздавали баурсаки, бесплатно.

Виталий НЕСИПБАЕВ, корреспондент:

- Чтобы понять сколько конкретно пришло людей в центральный парк, лучше всего спросить у этого джентльмена. Ему со свой высоты всё видно.

Осы күні балалар да алтыбақан аясында тербелді.  Молшылық пен ырыс құтты шалқытқан мерекеде ұлттық спортты ұлықтау да ұмыт қалмады. Арқан тарту, кір тасын көтеру,  секілді төл ойындардан жастар бақ сынасты.

Көктемгі жаңарудың, ақ пейілдің, татулықтың мерекесі -Ұлыстың Ұлы күнімен  облысымыздың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ақ жарма тілегін арнады. 

Өмірзақ БЕКҚОЖА, облыстың  бас имамы:

-Табиғаттың оянатын мерзімі ежелгі заманда, дініміздің алдында пайда болған мереке болғандықтан әр жыл сайын атап өтеміз. Халқыма құт-береке, бвқ-дәулет, сарқылмас береке тілеймін.

Концертная программа в этом году удивила. Привычные, знакомые с детства мелодии зазвучали по-новому. Где-то битов добавили, а где-то и электрогитара что называется «зажгла». «Ахнули» даже туристы.

Дональд КАМЕРОН, турист:

- Это фантастика. Я с большим удовольствием смотрю и узнаю ваши традиции. У вас очень большая история.

История – лейтмотив всего праздника. Разве что. в этом году в не много другом формате.

Нурлан АУБАКИРОВ, аким г. Караганды:

- Благодаря миру и сплоченности мы стали крепким и стабильным Государством. Так же дружно мы должны решать задачи, поставленные Первым Президентом. 

Надо сказать, что Наурыз встречали не только в Центральном парке. Звучала музыка в скверах и площадях Майкудука, Пришахтинска, Сортировки и Юго-Востока.

Виталий НЕСИПБАЕВ

Анар АМАНБАЕВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар