Қарағанды облысының әкімі жастармен жүздесті

15:03, 4 тамыз 2017

Өскелең ұрпақ өзекті мәселелерді өңір басшысына жеткізіп, оны шешу жолдарын бірлесе талқылады

Жастар бірауыздан ортақ мәселелерін ортаға салды. Баспанаға қол жеткізу, жұмыспен қамту проблемалары өскелең ұрпақ үшін өзекті. Солардың шінде Әлия Шошақова да бар. Оны Абайда тұратын балалар үйінің түлектерін үймен қамтамасыз ету толғандырады.

Алия ШОШАКОВА

Оларда 220 адам кезекте тұр.Биыл оларға 7 пәтер беріледі. АЛ қалғандары тағы да тағатсыз, сарылып кезектерін күтеді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету тек Абайда туындап отырған мәселе емес, облыс бойынша шешімін қажет етіп тұрған мәселе. Өткен жылы  1000-ға жуық пәтер берілсе, биыл 1500 баспана кілттері табысталмақ. Ал келесі жылы екі есеге көбейтімз деп отыр аймақ басшылары. Бағдарламалар баршылық. Тек оларды жастар басқармасы ғана емес, өзге де органдар жүзеге атсалысу керектігін айтты Ерлан Қошанов. Баспананың жоқтығынан шағын қалалар мен аудандарда жұмыс істеуге құлшынбайды. Әсіресе аулдарда маман тапшы. Күректей дипломы бар жастардың елдімекендерге баруы жыл сайын сиреп барады. Мысалы, 2009 жылы 684 түлек ауылға асықса, ал биыл небәрі 78 маман бармақ. Статистика ой салады. Басқосуда Елбасының рухани жаңғырту мақаласы да тілге тиек етілді. Еңбек ресурстары жеткіліксіз, бірақ облыста, әсіресе селоларда жастарды жұмыспен қамту керек деген міндет қойылған. Сонымен қатар жастар отбасы құндылықтарын сақтау, насихаттау мәселелері де көтерілді.Облыста тегін қайта оқыту, біліктіліктерін арттыру және даярлау курстары  ашылған. Кездесу соңында аймақ басшысы Ерлан Қошанов барлық көтерілген мәселелерді шешуге тарысатындарын уәде етті. Ол жастар қашанда назарда болғанын, мұндай кездесу әлі де ұйымдастырылатынын жеткізді.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...