Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасындағы ситуациялық орталық жұмысы жанданып келеді

15:40, 14 қараша 2017

Жүйе емханаларда электронды кезек енгізуге, дәрігерлердің қаншалықты жұмыс басты екенін бақылауға мүмкіндік тудырады. Орталықтың жұмысымен аймақ басшысы Ерлан Қошанов танысып қайтты

Медициналық ақпарат жүйесінің негізгі көрінісі осылай көрінеді. Мұнда облысқа қарасты аудандарындағы қиын жайтқа тап болған науқас жағдайынан да хабар  түседі.  Денсаулық сақтау басқармасының базасында жұмыс істейді. Бүгінгі күні медицина мекемелері мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты бақылайтын және өңдейтін бес қызметкер бар. Орталық жетекшісі облыс басшысына оның қызмет ету барысын  айтып берді. Кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) Қазақстанда, «Даму» ақпараттық технологиялар орталығында жасалды. Қазір оны Қарағанды обысының ауруханалары мен емханалары жұмысында сәтті пайдалануда. Жүйе аймақтың барлық денсаулық сақтау саланының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Медициналық мекемелерде науқастардың электронды картасы жүргізіліп, зертханалық қортынды нәтижелері беріледі.

Наталья  КИЛЬ  «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының директоры

Өткен жылдың күзінде ауруханаларды жүйеген қоса бастадық.   Барлық ауруханалар енгізілді. Барлығы  тұрақты жұмыс істейді. Жылдың соңына дейін біздің міндетіміз - медициналық құжаттаманы қағазсыз енгізуге 100% толық ауысу. Қазірдің өзінде науқастардың қорытындылары беріледі, онлайн-консилиумдар өткізіліп, диагностика жасалады.

Сонымен қатар, науқастарға арналған «DamuMed» мобильді қосымшасының жұмыс жасау жүесі көрсетілді. Тұрғындар бағдарламаны жүктеп алу арқылы дәрігерге  жазылуға кеін қаралуға болады.  Қосымшаға бүгінгі таңда 8 мың адам тіркеліп үлгерген. 

Ерлан ҚОШАНОВ   Қарағанды облысының әкімі

Әрине бұл игілікті істі көрсеткендеріңіз қуантады. Алайда, барлық жүйені халық жан-жақты білулері шарт. Сондықтан, халық ақпараттық мәліметті кеңінен алу керек.

Аймақ басшысы біздің облыста бұл жаңа жүйенің жылдам енгізілгенін атап айтты.   Сонымен қатар, Ерлан Қошанов егде жастағы науқастарға электронды кезектер мен мобильді қосымшалар ыңғайсыз болмауы үшін ерекше назар аударуды тапсырды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...