ЦЕНТРАЛЬНОЕ АУЫЛЫ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

12:27, 22 қазан 2020

Қарағанды облысына Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақ бүтін бір ауылдың жабылуына себеп болды. Одан коронавирустық инфекция табылған. Осыған байланысты Бұқар жырау ауданына қарасты Центральный елді мекеніне блок бекет қойылды.

Центральный ауылына Ресейден 6 қазан күні келген қонақ шекарадан автокөлікпен өткен. Онда ПТР тестісі болмаған. Тек, 18 қазан күні дәрігерлер коронавирустық инфекцияның бар екенін анықтаған. Қазір науқаспен байланыста болғандардың екеуі ауруханада, қалғандары үй карантинінде. Бұқар жырау аудандық бас санитар дәрігердің айтуынша, қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 10-нан асты.

Диана БАЙКЕНОВА ауыл тұрғынының туысы

-Ауылда анам қалды. Мен Теміртауда тұрамын. Міне, дәрі-дәрмек жеткізіп бердім.

Мұнда карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта айтылады.

Самат МЕЙІРМАНОВ, Бұқар жырау ауданы Центральное ауылының әкімі:

-Еріктілер бүгінде қолға алды. Шыға алмайтын кісілерге көмек көрсетіліп жатыр. Дәріханаға барып келуге, оларға дәрі-дәрмекті үйге дейін, үйдің есік алдына дейін алып келетін шара қолданып жатыр.

Ал, облыс бойынша коронавирустық инфекциядан 100-ден аса адам ем қабылдауда. Тек өткен тәулікте 16 тұрғыннан қауіпті індет анықталған.  Ал, елімізде өткен тәулікте 141 адам қауіпті індеттің ілмегіне ілікті.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...