Қарағанды облысындағы барлық санаттағы жерлерге тексеріс жүргізілмек

Бұл шараларға дайындық қазірден басталып кеткен.Жер жөнінде заңдағы өзгерістер өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингте кеңінен айтылды

18:09, 20 сәуір 2017   222

Қарағанды облысында 42 миллионгектар жер бар. Тексеріс жүргізудің негізгі міндеті жердің жағдайын білу. Оның пайдаланылмайтындарын анықтап, орын алған заң бұзушылықтарды қарайды. Бұл шараларды  жүргізу үшін облысқа қарасты қала аудандарында арнайы жұмыс тобы құрылмақ.

Аян ШАЛМАҒАМБЕТОВ облыстық жер қатынастар басқармасының жетекшісі

Қарағанды облысында 432 елді мекен бар. Осы өңірлерге түгелдей ревизия жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекеттік сапалы ауылшаруашылығы алқаптарын анықтайды. Мерзім мерзіммен жұмыс жоспарының кестелері дайындалады.

Брифингте «Жер  қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруулар енгізу» жөнінде заң жобасы ұсынылып жатқандығы айтылды. Ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында жалға алынатын жердің құжаттарында өзгеріс болуы мүмкін.  Сонымен қатар жерді тиімді пайдалану тәртіптерінің жаңа механизімі айқындалады.

Аян ШАЛМАҒАМБЕТОВ облыстық жер қатынастар басқармасының жетекшісі

Енді бұрыңғыдай құжат 30 күн аралығында емес 15 күн мұғдарында қаралады. Құжаттар толық қабылданған соң екінші күні конкурстың нәтижесі анықталады. Бұл шараларды жергілікті атқару органы қатал бақылауға алады. Арнайы мониторинг да жүргізіледі.  

Жерге тексеріс жүргізу жұмыстары бірнеше кезеңдермен өтеді. Бұған әзірлікті облыстық жер қатынастар басқармасының ұжымы бастап кетті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25