Қарағанды облысында биылғы жылдың қыркүйегінен бастап, 15 мыңнан астам құқық бұзушылық фактісі анықталған

17:40, 14 қараша 2017

Екі ай бойы акция аясында учаскелік инспекторлар үйлер мен аулаларды аралап, азаматтардың мекен-жайларындағы тұрғылықты жерлерін нақтылап, тізімдерін алған. Басты міндеті – заңды бұзушылықты болдырмау және қылмысқа тосқауыл қою. Бұл жолы бірлескен рейдке, Саран қаласы, ішкі істер бөлімі мен, жергілікті полиция қызметкерлері және депутаттар шықты

Саран қаласындағы  №1 ықшам ауданындағы   үйдің тұрғындары бүгін күтпеген қонақтарды қарсы алды. Учаскелік инспекторлар жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеріп, оларға  құқық бұзушылық фактісі орын алған жағыдайда қалай әрекет ету керектігін айтып  түсіндірді. Екі ай ішінде Саран қалалық полиция қызметкерлері 22 мыңнан астам  пәтер мен жеке үйлерді аралап, осындай түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Қайрат ШАЯХМЕТОВ Саран қалалық ЖПҚ-басшысы

Барлық үйлер  жүйелі түрде тексерділеді. Жыл басынан бері уақытша тіркеуге сәйкес, 353 құқық бұзушылық анықталды. Ал профилактикалық шаралар бойынша -49 құқық бұзушылықтың алдын алдық

 Жедел және алдын-алу шараларына  тұрғындар түсіністіпен қарайтындарын айтады. Депутаттар осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығы зор деп есептейді.  

Шәріп ИСЕНОВ Саран қалалық мәслихатының депутаты

Қалалық мәслихаттың днепутаттары жергілікті полиция қызметкерлері мен қоян-қолтық бірлесіп жұмыс жасайды. Бұл жаяу жүргіншілердің де жауапкершілігін арттырады.Осындай шаралар өткізу тиімді.

Егер тұтастай алғанда аймақ бойынша, облыс полицейлері жалпы тұрғындардың-60% -ын тексерді. Нәтижесінде үйлерін заңсыз  жалға берген 300 ден астам тұрғын белгілі болды.  Ал уақытша тіркеуге тұрмаған, 800-ге  жуық азаматтың -75і елімізден шығарылды.  Сарандық полицейлер қару-жарақ ұстайтын тұрғындарды да тексеріп,олардың рұқсат құжаттарын қарады. Екі ай бойы тұрғылықты жерге  12 мың аңшы келгендігі белгілі болды.Олардың 100-і суық қару, сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Облыс бойынша, 8 тұрғынның, үйде заңсыз қару сақтағаны белгілі болды.  Екі ай аралығындағы акция  15 000-нан астам түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті.Бұл шара   1-ші желтоқсанға дейін жалғаспақ.

 Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...