Қарағанды көшелеріндегі жарық көңілдегідей емес

16:38, 16 наурыз 2017

Кеншілер шаһары қаншалықты жарықтандырылған? Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қандай көшелерді ақ самаладай жарқыратып қоюды ұсынды?

Бұл Қарағандының орталық көшесі- Бұхар-Жырау даңғылы. Жүргіншілер жолағы аумағы толықтай жарықтандырылыған. Автөкөлік жүргізушілерінің түнгі уақытта жолдарды анық көруіне де жағдай жасалған. Қарағанды қалалық қоғамдық кеңестің арнайы комиссиясы шаһардың 30 көшесіндегі жарық бағаналарының бар-жоғын тексерді. Мәлімет бойынша, Қарағандыда 2854 жарық шамдары болуы қажет болса, оның 419-ы іске қосылмаған. Ал, қалғанының жартысынан астамы сығырайып тұрса, кейбіреулері толығымен жанып кетіпті.

Сағат кешкі сегіздің шамасы. Көріп тұрғандарыңыздай, көшедегі жарық шамдары мүлдем аз. Біз арнайы көлік ішінен түнгі қаланың келбетін түсіріп көрдік. Қараңғылықтан айнала анық көрінбейді. Одан әрі, Университет көшесі тұнжыраған қара түнек.

  Барлық жерде жарықтандыру үшін қаржы бөлінетіні анық. Істен шыққан шамдардың өзі электр энергиясын тұтынады. Бұл қомақты  қаржы шығынына әкеп соқтырып отыр. Осыған назар аударған қалалық қоғамдық кеңес мүшелері жан-жақты талдау жүргізіп, қызу пікірталас өткізді.

Николай АБТ  Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі

Негізінен, басым бөлік - орталық көшелерге тиесілі. Басты немесе шағын көшелерге қараңыздар. Ол аумақтарда жарықтандыру жағы мүлдем төмен.

Коммуналдық сала басшыларының айтуынша, жауапты мекемелерде барлық көшелердегі жарық шамдарын тексеріп отыратын мамандар тапшы көрінеді.  Қарағанды қалалықмәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтановбұл олқылықтың орнын толтыру үшін жұртшылықтың көмегіне жүгінуді ұсынды.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы

Менің сіздерге ұсынарым:  жұмыспен қамту орталығы арқылы адамдарды еңбекке тартыңыздар. Қанша қызметкер керек? Орталықтарға анықтамаларды іліп қойыңыздар. Олар сізге ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осыдан кейін ғана жұмыс біржақты қалыпқа түсер еді.

Шолпан ЖҮСІПОВА ҚТКШ автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі

Қазір бәрі талдаудан өтіп, тексерілген көрсеткіштер деректермен салыстырмалы түрде жүйеден өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім айтуға болады. Қандай да бәр сәйкестіктен ауытқыған мекеме анықталса әкімшілік джауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласының қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттарымемлекеттік сатып алу порталында қойылған келісім-шарттардың  орындалуын талқылады. Нәтижесінде арнайы қоғамдық бақылау комиссиясын құруға ұсыныс білдірді. Бағыты айқын бастама - отырыс соңында қолдау тапты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...