Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, металлург Дімкеш Мұқанов жайлы кітап жарыққа шықты

12:23, 14 қараша 2017

Белгілі ғалым жайлы сыр шертетін туындының тұсаукесеріне туысқандары мен әріптестері келді. Жаңа баспаның жарыққа шығуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр

Дімкеш Мұқанов - профессор, ҚР Халықаралық ақпарат академиясының және минералдық ресурстар академиясының академигі.  Жаңа кітап толықтай Д.Мұқановтың өмір жолындағы қызметі, атқарған еңбегін қамтыған. Қара және түсті металлургия саласын кешенді жетілдірген жұмыстары жазылған. Алғашқы сөзді ғалымның қызы, баспа авторы,  Сәулеш Мұқанова алып, артында өшпес із қалдырған әкесі  жөнінде  басылымның ішкі дүниесімен кеңінен таныстырды.

Сәулеш МҰҚАНОВА   Д.Мұқановтың қызы

Кітап толықтай әкем жөнінде. Әсіресе, 35 жыл басқарған «Чермеавтоматика» ғылыми өндірістік бірлесітігінің жұмысы да бар. Бірнеше шақырылым депутаты болған. оның қоғамға қалдырған ұтымлды бастамаларын оқуға болады. Әрине, мәртебелі істің маманы болған әкемнің өлшеусіз еңбегі мәңгі өшпесі анық.


Дімкеш Мұқановтың жары Сара Балқашқызы жолдасына құрмет көрсеткен ҚарМУ басшылығына алғысын білдірді. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген жұмыстар «Қазақмыс» корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы және басқа көптеген қазіргі заманғы кәсіпорындарда тұрақты қолданылып келеді. «Дімкеш Мұқанұлы: сүйіспеншілікке толы өмір. Өмірбаян беттері» тақырыбындағы кітапта металургтің осындай еңбектері өрнектеліп жазылған.  

Ерлан Досмағамбетов Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы

Дімкеш Мұқановпен қатарлас қызметте болдым. Ол кісінің ұйымдастыруымен ғылыми техникалық бағытпен жобаплау конструкторлық жұмыс жандана түсті.озық техниканың алғашқы қадамдарын жасаған ерекше тұлға. Оның еңбегі елдің, жас ұрпақтың игілігі үшін жасалған еңбек дер едім.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ қалалық мәслихат хатшысы

Әкеге деген құрметтің белгісі. Міне, Сәулеш Дімкешқызы кітапты таныстыру кезінде ерекше тебіреністе толқып тұрды. Бұл жас ұрпаққа үлгі болар іс.

Кездесудің соңында ғалымның қызы Сәулеш Мұқанова алты студентке Дімкеш Мұқанов атындағы грантты табыстады. 30 мың тең теңгелік сертификатты жеңіп алу әрбір жас үшін оңайға түспеді. Бұл алты грант иегерлері 250 студенттің ішінен ғылыми жұмыстар арқылы топ жарғандар. Соның бірі, Ақзере Әменова. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған  ақыл-ойымен, өз күшімен биіктерді бағындырған ел мақтаныштарын жұрт жадында қалдыру мақсатында өткізіліп отыр. Себебі  Дімкеш Мұқанов  нағыз еңбек адамы ретінде көпшілікке үлгі болып қала бермек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...