Қарағанды қаласындағы «Достық» үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның қоғамды біріктірудегі рөлі» атты семинар өтті

21:01, 18 мамыр 2017

Жиын барысында аудандар мен қалалардағы қоғамдық келісім төрағалары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы міндеттерді айқындады

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі семинарына мемлекеттік мекеме жетекшілері мен қызметкерлері, қалалық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестік пен мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысты.  Тараптар бас қосуда медиация институты мен Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдағы рөлі мен атқарылған ауқымды шараларды тізбектеді. Алғашқылардың бірі болып, Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков келісімді, бірлікті сақтау жолында баяндама жасады. Өз сөзінде ол көпшіліктің қоғамдық келісім мен қоғамдық кеңесті шатастырып алмау қажеттігін атап өтті.

Бекзат Алтынбеков   Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті ол қоғамдағы қазақстандықтардың бірігіп «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара отырып, бірліктің туын биіктете түсу. Бүгінгі семинар өзіндік жемісін береді деп есептеймін. Біздің қоғамдық кеңес пен қоғамдық келісімнің арасында үлкен айырмашылық бар. Атқаратын жұмыстары да әр қилы. Әрі қоғамдық келісім ел ішіндегі әлеуметтік шиеленістердің алдын алу сонымен қатар халыққа тікелей көмек жасау.

Отырыс барысында Балқаш қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Пшенбаев та өз аймағындағы кеңестің рөліне тоқталды. Одан бөлек, діни ұйымдар мен конфессияаралық келісімді нығайтуда ынтымақтастықтың орны ерекше екендігі сөз болды. Ал, жалпы жиынның басты мақсаты-азаматтық институттардың, саяси және басқа да бірлестіктердің күштерін біріктіру дейді, - шараға қатысушылар.

Жамбыл ЖҰМАБЕКОВ   ҚХА кафедрасының меңгерушісі

Халық Ассамблеясының атқарылып жатқан үлкен жұмыстарының бағыт-бағдарының ішінде осы қоғамдық келісім кеңестерінің құрылуы да бір үлкен маңызды іс-шараларға бізді әкеліп отыр. Бұл маңызды іс-шара дейтініміз қоғамды ұйыстыру, біріктіру мәселелері.

Бірнеше тартаптың баяндамасынан соң семинар- тақырыпты ой таразысынан өткізетін талқыға жалғасты. Ал, жиында еңбегі еленген бір топ азаматтар сертификатпен марапатталды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...