Қарағанды қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген жиыны өтті

18:06, 20 сәуір 2017

Күн тәртібінде талқыланған басты тақырып – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Отырысқа қатысушылар көтерілген маңызды бағыттарды барынша жан-жақты сараптады

Отырыс жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері,  ұстаз-ғалымдар, ҚХА кафедрасының мамандары және облыстық этно-мәдени бірлестіктер басшылары қатысты. Ғылыми-сараптама тобының жетекшісі– Вилен  Молотов-Лучанский «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңыздылығына тоқталды. Аталмыш мақала- елімізді дамудың жаңа жолына бастар бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың жалғасы, әрі айқын көрінісі  екендігі атап өтілді.

Вилен  МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ  облыстық ҚХА ғылыми-сараптама тобының жетекшісі

Елбасы тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауды күшейтуді міндет қылып отыр. « болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласы бізге қуат беріп отыр. «Туған жер» атты бастамасы патриотизмді арттыруға бағытталған. Өз құндылығымызды жете түсініп, жаңғырту жолына түсіруге осы бағыттың берері мол деп есептеймін.

Отырыста прагматизмді пайымды меңгерудің өзіндік жетістіктері де айтылды. Елбасы мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу мәселесі қамтылған. Жергілікті ғалымдардың пайымдауынша, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша латын әліпбиіне көшу шет тілдерін меңгеруге жол ашпақ. Жаңа жаһандық үрдістен үлкен үміт күтетіндердің бірі- кафедра меңгерушісі Әсем Сағатова -Бұл бағыттың берері мол,- дейді. 

Жалпыұлттық құндылықтарды дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...