Қарағанды қаласында мүмкіншілігі шекетулі жандар арасында үстел теннисінен облыстық ашық біріншілік басталды

22:19, 6 желтоқсан 2017

«Қарағанды open» фестивалі халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған. Оның өтуіне «Жандос» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдаған

Тірек қимыл жүйесі зақымданған жандар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастыру Қарағандыда дәстүрге айналды. Биыл үшінші жыл қатарынан облыс орталығына еліміздің үздік спорт шеберлері жиналуда. Барлығы 30 адам,  8 құрама өзара бақ сынасуға дайын. Олар екі күн бойы жеке әрі,  топтық жарыста өз өнерлерін көрсетеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл санап қатысушылардың саны да артып келеді. Мәселен осы жолы шараға алғаш рет  Ресейдің өкілдері қатысуға ниет білдірген.  

Дархан ТІЛЕМІСОВ «ЖАНДОС» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

-Жылдан жылға қатысушылар көбеюде. Ресейден де келіп жатыр. Жарыстың деңгейі өсуде. Арманымыз жарысты халықаралық дәрежеге жеткізу.

Қостанайлық Дүйсенғали  Оспанов теннистен спорт шеберлігіне үміткер. Үнемі республикалық байқауларда көптің ортасынан  топ жарып келеді. Ол ұлттық  «Алтын жүрек» сыйлығының иегері. Бүгінде ол Қостанай қаласындағы «Үміт» қоғамдық бірлестігіне төрағалық етуде.

Дүйсенғали ОСПАНОВ фестивальге қатысушы /Қостанай қаласы/

-Бүгінгі өтіп жатқан шараның мақсаты- мүгедектер спортын дамыту. Үстел теннисі өте жоғары деңгейде өтуде. Мүгедектер спорты дамуда.

Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталып, басқа да   сый-сыяпаттарға ие болады. Ұйымдастырушылар денсаулығы кемтар жандар үшін мұндай спорттық шаралардың пайдасы зор екенін айтып, жиі өткізіп тұруға тырысамыз- дейді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыс орталығында сары ауру белең алды
17:40, 17 қаңтар 2018
Облыс орталығында сары ауру белең алды
Толығырақ...
Саран  қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын аудандар қайта қалыпқа келтіріліп, химия өнеркәсібін дамыту қолға алынады
16:14, 17 қаңтар 2018
Саран қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын ауданда...
Толығырақ...
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілмек
16:09, 17 қаңтар 2018
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жетістіктерін халық қалаулыларына көрсетті
12:45, 11 қаңтар 2018
Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жет...
Толығырақ...
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
12:46, 11 қаңтар 2018
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
Толығырақ...