Қарағанды қаласында, литвалық дизайнер Рутта Миллдің көрмесі өтті

12:24, 14 қараша 2017

Зергердің қолынан шыққан түпнұсқалық бұйымдар табиғи әрі көздің жауын алардай. Сырға мен білезіктер тәрізді әшекейлер Литвада ғана емес, еуропалық елдерге кенінен танымал

Көрмеде табиғи жартылай бағалы тастар және Сваровский інжулері, былғары мен көмкерілген бұйымдар қойылды.Литвалық дизайнер Рутта Милл бастапқыда бұл кәсіпті жай ғана кіріс көзі ретінде көрген.  Кейін сұраныс едәуір өсіп, танымалдық арта түсті. Дизайнердің өзі Қазақстанға  елге келе алмағаны мен, ол бұл жолы өзінің құрбысын арнайы  жіберіпті. 

Зита ТАЛЛАТ-КЯЛПШАЙТЕ  көрме ұйымдастырушысы

Оның бұл кәсіппен айналысқанына он жылдай уақыт болды. Ол, Литваның Клайпеде қаласында тұрады. Барлығын өзі жасайды. Ешқандай шеберлер оған қажет емес. Мынадай әдемі де әсем жылтыраған бұйымдарды өз қолымен жасайды

Рутта Миллдің қолынан шыққан әрбір зергерлік бұйымның өзіндік ерекшелігі бар. Барлығы  талғаммен өрнектелген. Кез-келген киім үлгісіне, атап айтсақ кешкі көйлектерге, бизнес-жейдеге тағуға сай  әзірленіп, әшекейлер мен көмкерілген.

Витаутас ВАРАСИМАВИЧЮС Литва сарайының жетекшісі

Келешекте, Поляк, Литва, Неміс және Қазақ халықтарының мерекесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қолдан жасалған бұйымдар, қытайдың жасанды заттары емес. Жаңа жылдық жәрмеңкені өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда өзіміздің қолымыздан шыққан табиғи бұйымдарды ұсынатын боламыз.Өз армандарымызды осылайша жүзеге асырмақпыз.

 Литвалық қонақтар зергерлік бұйымдардан  басқа да,белгілі суретшілердің картиналарын Қарағандыға ала келіпті.  Бұл қыш, эмаль және алтыннан жасалған заттар. Акварель бояулары мен әрленген жұмыстар да  бар. Көрмеге қатысқан қарағандылықтар барлығы  табиғат үйлесіміне сәйкес,, пәлсафаға толы, литвалық мәдениеттің тарихынан сыр шертіп тұрғандай әсерде болдық деп тарқасты.

Сейітқали Әшім

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
16:38, 21 ақпан 2018
Жедел жәрдем қызметі енді жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Толығырақ...