Қарағанды қаласында «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті

Сөз сайысына 20 үміткер қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Биылғы байқау Қаздауысты Қазыбек бидің 350 және Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналды

19:12, 18 наурыз 2017   707

Ақындар айтысын жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастыру дәстүрге айналған. Осымен 13 рет өткізілген жыр додасына облысқа қарасты қала, аудандардан 20 жас қатысты. Алдымен сахнаға шыққан Медет Жаманов сөз сайысына ерекше дайындықпен келгенін байқатты. Қарсыласы, әрі қатарласы Доскей Ботпайды ә дегеннен әдемі әзіл қалжыңымен шымшып алды.

Ақындар айтыс барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді де қозғай білді. Жол, мемлекеттік тіл,  экология, орысша атаулы аудандар мен ауыл есімдерін ауыстыру жайында назардан тыс қалмады..  Әсіресе  Қаздауысты Қазыбек бидің 350 және Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойын ерекше атап өтсе деген тілектерін білдірді. Танымал тұлғалардың танымдық қасиеттерін тілге тиек етті. Ақын, жазушы, журналситерден құрылған әділқазылар алқасыда үміткерлерге үлкен талап қойа білді.

Байқау қортындысында 3 орынды Сырым Бейсембек, Медет Жаманов Абзал Мұқашев, Нұрмұхамед Байсүгіров иеленді. 2 орынға Мұхтар Әділов пен Доскей Ботпай лайық деп танылды. 1 орын Шет ауданынан келген Ұланғасыр Қамиевке бұйырса, бас жүлдені Нұрлыбек Төкенов жеңіп алды. 14 жастағы  Нұрлыбек  жастығына қарамастан уытты сөздерімен, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25