Қарағанды қаласы орталығындағы Бұқар жырау даңғылындағы үш бөлмелі баспананың күллі көкке ұшты

18:35, 14 қараша 2017

Қызыл жалын шарпыған кезде бесінші қабаттағы пәтерлерде жеті адам болған. Өрт сөндіру қызметінің мамандары отты бір жарым сағатта әрең сөндірген.Алдын-ала болжам бойынша төтенше жағдай электр жылытқыш құралдарының қосулы қалуынан шығуы бек мүмкін

Бұл санаулы сағаттың арасында өртеніп кеткен Бұқар жырау даңғылындағы отыз бірінші үйдегі пәтердің қара күйеге айналған сиқы. Оқиға былайша өрбіген.Ұйықтап жатқан Болат Жонкиннің мұрнына жағымсыз иіс келеді.Ал баспана иесі  оянып  қараса бөлмелері көк түтіннен көз аштырмайды.Қызыл жалын шарпыған кезінде ол үйінде бір өзі ғана болған.

Болат ЖОНКИН зардап шегуші

Жатын бөлмеде шыққанда маған қарай от лап ете түсті.  Сосын түк көрінбейді.  Қабырғаны ұстаған кезде қолым мен саусақтарым күйіп қалды. Жиһаздардың бәрі қызыл жалын секілді көрінді. Бәрі жанып кетті.

Осы күні абырой болғанда зейнеткердің үйінде 12 жасар немересі болмаған.Дәл сол уақытта жеткіншек жаттығу жасауға кеткен.Тілсіз жау түгін қалдырмай жандырып жіберген пәтерде от анасы мен отағасы және жалғыз қызы мен үш немересі тұрған еді. Өрт  сағат кешкі бестердің шамасында белең алған. Құтқарушылар өртті бір жарым сағатта ауыздықтаған.

Айдана ЖҮНІС  облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы

Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару  жұмысы қызметінің  9 техникасымен және жеке құрамның 32 адамымен кіре берістен 7 адам қауіпсіз жерге шығарылып, 2 адам құтқарылды. Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құрайды.

Төтенше жағдай департаменті мамандарының алдын-ала болжамы бойынша қызыл жалын электр жылытқыш құралдарының қосулы қалуынан  шығуы бек мүмкін екенін айтады. Үйінің күлі көкке ұшқанын Үміт Садықова телефон арқылы біліпті.  Тіпті кейуана   күйеуі мен немерелеріне қатты алаңдап, өзін қоярға жер таппағанында жасырмады. Жәбірленуші өрттің басты себебі үйдегі электр сымдарынан деп отыр. 

Үміт ЖОНКИНА зардап шегуші

Не істерімізді білмей басымызы қатты. Аяз басталғанда үсіп- қатамыз ғой. Қақаған қыста әлі барлық пәтердің батереялары жарылады.  Бір жағынан біз жарым- жандарымыз.

Баспаналары отқа оранған отбасының үлкен қызы қатерлі ісіктен ауырып көз жұмған. Жалғыз ұлыда досын құтқарыамын деп жанын құрбан еткен.Қамкөңіл қос  қарияның жолдасы өмір ғұмырының тең жартысын медицина саласына арнаған адам.  Ең өкініштісі пәтерді қайтадан қалыпқа келтіру үішін қыруар қаражат қажет.

Үміт ЖОНКИНА зардап шегуші

Мен екінші топтағы мүгедекпін.   Күйеумнің көзі көрмейді. Ол   медицина институтының доценті. Жәрдемдесулеріңізді жалынып сұраймын сіздерден. Жетпіс үш жасымызда көшеде қалдық.

Жонкиндар жанұясы  енді жомарт жандардан көмек күтеді. Қара суықта далада қалған жандарға қол ұшын созғысы келген мәрт азаматтар экранда көрсетілген 8708 104 29 62 және  8700 450 78 79 телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

ТИТР: 8 708 104 29 62

             8 700 450 78 79

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...