Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды

13:06, 22 қараша 2017

Ал жоғарғы сынып оқушылары үшін әскери-спорттық клуб жұмыс істейді. Ол жерлерде әскери қызметкерлердің балалары бос уақыттарын тиімді өткізе алады

Балаларға арналған орталық «Астана»  өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімінде ашылды. Енді әскери қызметкерлердің балалары бос уақыттарын тиімді өткізе алды. Олар мұнда сүйікті ойындарын ойнап, танымдық бағдарламаларды көреді, кітап оқиды.  

Алена ФОМИНА  31775 әскери бөлімнің офицер-психолог

Бұл бастаманың оң тұстары өте көп. Ең бастысы біз әскери қызметкерлердің отбасыларына, балаларына көмек көрсетеміз. Құм терапиясын өткіземіз. Осы жоба арқылы жеке өмірлеріне араласпай ақ, психологиялық көмекті қажет ететін отбасыларға пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Ойын бөлмесі әскери бөлімнің жаңа ғимаратында орналасқан. Оны ұжым өз күштерімен құрған екен. Яғни, бөлмеге қажетті заттар мен тұрмыстық құрылғыларды үйлерінен әкеліпті. Айта кету керек, еліміздің басқа әскери бөлімдерінде мұндай  ойын алаңдары әзірге жоқ.  

Тәттігүл СМАҒҰЛОВА  «Астана» өңірлік қолбасшылығы қызметінің жеткешісі

жалпы балалармен психологтар жұмыс істейді. Жақсы жетістіктерге жетіп жатыр біздің әскери бөлім. Ата-аналар алғыс айтуда, балалар да қуана келеді бізге.

Сондай-ақ,  әскери бөлім ғимаратында  9-11 сынып оқушылары үшін әскери-спорттық клубтар жұмыс істейді. Онда жасөспірімдер жас мерген, артиллерист, өзін-өзі қорғау негіздерін үйрене алады.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...