Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері мен белсенді тұрғындары қордаланған мәселелерді бірге талқылады

21:42, 19 мамыр 2017

Басқосуда толғақты сауалдарды таразылайтын қос тарап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылымдарды дамыту керектігін алға тартты. Және де олар шахардың жылу маусымына қамданысының барысын бағамдады

Мүгедектерді мейілінше  құрметтейік! Бір сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік нысандарда барлық жағдай  жасалуы шарт. Бүгінде облыс орталығында 200-ден астам пандус бар. Әрине олардың бәрі бес саусақ секілді бірдей емес. Кейбірі ыңғайсыз. Соның салдарынан тағдыры арбаға таңылған азаматтар тегіс , бірақ ебедейсіз  мекемлерге кіре алмай қиналады. Абайламаса шалқасынан түсуіде ықтимал. 

Гүлім КЕҢЕСБАЙ «Лайықты өмір» ҚБ маманы

Аударма: Мысалға бізді медициналық тексерістен өткізетін мекемеде пандус жоқ.Маңыда талапқа сай келмейді. Осы проблеманы ескерсеңіздер.

Жауаптылар күнтәрбінде тұрған мәселемен жақсы таныс.Бәлкім жүрдім-бардым қараған болар. Бірақ пандустарды орнату үшін көп уақыт кетпейтін көрінеді.Жалпы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша  әлеуметтік нысандардағы  инфрақұрылымдардың мүгедектерге қолжетімділігі 50 пайызды құраған. Ал ағымдағы жылы аталған көрсеткішті мамандар 70 пайызға жеткізбек.Қарағандыда дәл қазіргі уақытта 22 мың  мүгедек тұрады.Рухы мықты жандарды әлеуметтік оңалтуға 2017 жылы 1 миллирад теңге қарастырлыпты. Облыстық бюджеттен бөлінген қомақты қаржы олардың шипажайларда демалуына және тірек-қимылын қалыпқа келтіріп, сапалы білім алуларына  жұмсалады.

Берекет ЖАЙНАЗАРОВ  Қарағанды қаласы әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің жетекшісі

«Береке» сауықтыру орталығынан 1986 мүмкіндігі шектеулі жанға жолдама алдық. Оның 207 адам шарапатын көріп шапағатын сезінуде. Жоспарлы үде жалғасуда. Тағы жүзге жуық жолдаманы кәделеріне жаратамыз.

Қоғамдық кеңес мүшелері  өткен жылдағы жылу маусымын түйіндеп,алдағы атқарылатын істерге тоқталды. Басқасын былай алып қойғанда, биыл салада жұмыс қызу. Еңбеккерлердіңде қолы жүріп тұр. Тындырған тірліктеріде көзге көрінерліктей. Жөндеу шаралары шеңберінде  3 аумағы мың метрден асып -жығылатын құбыр ауыстырылыпты. Өткен қыста су және электр жүйелеріне күшті салмақ шамадан тыс түскен. Әсіресе қазандықтарға шенеуніктер баса мән беріп жатыр.Автономды пештер жертөледен алынып тасталады.Бағыты айқын, белді бекем буған. Арнайы жұмыс тобы құжаттарын реттестіруге бүгіннен кірісіп кеткен.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...