ҚАРАҒАНДЫ - ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ

15:53, 12 сәуір 2019

Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні - кеншілер шаһары үшінде ерекше мереке. Өйткені, оның бірнеше факторы бар. Көпшілік «Қарағанды ғарыш айлағы» деген сөзтіркесін жиі естіген болар. Бұл сөздің түп төркініне әріптесім Ботабек Маратұлы үңіліп көрген еді.. Аталған ұғым қашан және қалай пайда болды? Ендеше бейне материалға кезек берейік

1961 жылдың 12 сәуір күні - төрткүл дүниені елең еткізген оқиға болды. Ең алғаш адам ғарыш кеңістігіне шығып, аман есен оралды. Юрий Гагариннің есімі әп сәтте шартарапты кезіп,  миллиондардың кумиріне айналды. Сол кезде екінің бірі ғарышкер болсам деп армандады. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өтседе, біздің ел өзіндік ғарыш айлағы бар әлемдегі санаулы елдердің біріне баланады. Замана талабына сай ғарыш саласыда қарыштап дамып келеді.

Марат НҰРҒОЖИН, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:

-Қарағандыны расыменде ғарыш айлағы деп айтуға толық негіз бар.Алғашқыда көпшілік Байқоңыр ғарыш айлағын Қарағанды облысына енеді деп ойлады. Бұдан бөлек Қарағандылықтар сол уақыттан бері ғарышкерлерді алғаш болып жер бетінде күтіп алып құрмет көрсетеді. Мінекей, Қарағандының ғарышкерлік саламен тығыз байланысымен қарым қатынасы осында деп білемін.

60-шы жылдардан бері біздің аймақ ғарышкерлердің  құт мекеніне айналды. Себебі, олар Байқоңырдан аттанып, Сарыарқа төскейіне қонып, Қарағандыда аялдайтын. Араға екі жыл салып Юрий Гагариннан кейін ғарышқа алғашқы рет әйел аттанды. 1963 жылы Валентина Терешкова басқарған  «Восток-6» ғарыш кемесі Қарағандыға жақын аймаққа түскен болатын. Бұл оқиғаны тұтас Кеңестер елі ерекше құрметпен атап өткен мерекеге ұласты.

Ал, 1991 жылдың 2 қазан күні ел тарихына алтын әріптермен тізбектелді. Ғарыш кеңстігіне тұңғышы рет қазақ азаматы аттанды. Жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтың жасаған бұл қадамы Қазақстан косманавтикасының жаңа кезеңіне жол ашып берді.

Мейрам ГАБДУЛЛИН, теле арна ардагері:

- Ол ұлт мақтанышы. Тоқтар Әубәкіров көпке үлгі бола білді. Қаншама ұрпақ Тоқтарға қарап бой түзеді.Ортамызда жүрген  қазақтың нағыз батыры дер едім.

Қарағанды қаласында ғаршкерлікпен байлынсты орындар жетерлік. Олар қонақ үйі, көше, алаңдар және түрлі ғимараттарды ескеріп өтуге болады.

Динара  СИКЕМБАЙ, өлкетану мұражайының қызметкері:

- Олардың есімдері көшелерге берілді. Мәселен, Терешкова, Косманавтар көшесі Майқұдықта бір қатар шаңын аудандар берілді. Олар Восток 1,2,3 және 5 деген ғарыш кемелерінің атауларына орай қойылған.

Адамның ғарышты бағындыруы көп деген мүмкіншіліктерге жол ашқандығы белгілі. Мәселен қазіргі қоғамды ғаламторсыз елестету мүмкін бе? Әрине, мобильді байланыссыз, цифрлы технологиясыз елестету мүмкін емес. Демек ғарышты игеру - замана көшінен қалмаудың бірден бір жолы.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар