ҚАРАҒАНДЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛДЫ

16:49, 14 қыркүйек 2020

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі екі айға қамауға алды. Ол "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы үй салу ісі бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Мамандандырылған тергеу соты қала әкімінің орынбасарын екі айға қамау туралы санкция шығарды. Жедел-тергеу тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қызметкерлері де кіреді. Жақсылық Шалабеков былтырғы жылдан бері қала әкімінің орынбасары лауазымын атқаруда. Бұған дейін ол сегіз жыл бойы Қарағанды қаласының  құрылыс бөлімін басқарып келген. Тергеу мәліметтері бойынша әкім орынбасарының ұсталуына осы құрылыс бөліміндегі жұмыстары себепкер болған. Қазіргі уақытта Жақсылық Шалабеков уақытша ұстау изоляторында.
Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры:

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар