ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ҚАДАҒАЛАНУДА

15:58, 12 сәуір 2019

Қала тазалағы қатаң бақылауға алынуда. Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Саран және Шахтинскі қалаларында болып, көктемгі абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалықтың жүргізілу қарқынымен танысты. Көшелерді жаяу аралап тексерген Серік Шайдаровтың сынына іліккен қандай кемшіліктер мен алға басулар бар. Тілші тарқатсын

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров алдымен Шахтинскі қаласының ішкі тынысымен танысты. Орталық көшелерді аралай келе, бірқатар аяқсыз қалған істердің куәсі болды. Нақты айтқанда, аулаларды абаттандыру мен қоқыстан арылтуда бірқатар кемшіліктер бар. Сәуір айында тәуір болмаған көшелерді Серік Шайдаров арнайы кесте құру арқылы реттеуді жүктеді.

Серік ШАЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Мына қоқыстар қаланың сәні қашырып тұр. Әрбір участкенің өз иесі болу керек. Апта сайын бақылап, көшелерді тазалыққа келтіріңіздер. Өсіп тұрған ағаштардың өзін жөнге келтірмесе, су құбырларының өзі ағаштармен басылып қалған.

Шаһардың басты көшелерінің өзі әлі қоқыстан арылмаған. Десе де, алдағы күндегі сенбіліктер барлық мәселенің шешімін табуға мүмкіндік береді -дейді, мамандар. Тазалыққа көңілі толмаған Серік Шайдаровқа Шахтинскі қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәжитов бір ай ішінде олқылықтардың орынын толықтыратынын айтып сендірді.

Нұрлан МӘЖИТОВ, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары:

-40 қоқыс жәшіктері қойылады. Арнайы байқау өткізуді бастағалы отырмыз. сенімді басқармаға беру арқылы бәрін жөнге келтіреміз.

Облыс әкімінің орынбасары Саран қаласының да бірқатар көшелерін жаяу аралап, жағдайды көзбен көрді. Осыған дейін «Таза қала», «Тату көршілер» секілді тазалық акцияларын ұйымдастырған Саран қалалық әкімдігі басым бөлігін қалыпқа келгтіріп үлгерген. Деседе,  әлі   тазалыққа сұранып тұрған аумақтары бар.

Саран қаласындағы жекеменшік жер үйлер орналасқан көшелерде назарға алынды. Қазіргі таңда, ондаған жылдар бойы жөнге келмеген жолдардың бірі ретке келу үшін, қоқыстан арылтылуда.

Серік ШАЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Жалпы, қала тазалығы көңіл көншітеді. Дегенмен, абаттандыру кезінде, көгалдандыру жұмыстарына басымдық беру керек. Бірқатар жерлерді әлі де тазалау қажет.

Осылайша, Шахтинск және Саран қалаларының санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын бақылап қайтқан Серік Шайдаров, екі қаланың әкіміне де иесіз қалған участкелердің болмауын жүктеді. Осы арқылы, қала тазалығын сақтау-ұтымды жол екенін де ескертті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар