ҚАЛА БАСШЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

16:22, 13 ақпан 2020

Қарағанды қаласының әкімі бұған дейін бірнеше рет халықпен кездескен болатын .Шаһар басшысының есебі - Октябрь ауданында басталды

Есепті кездесу алдында қала әкімі  Нұрлан Әубәкіров қарағандылық кәсіпорындардың көрмесін тамашалады.Бұл жерде жеңіл өнеркәсіп өнімдері қойылған болатын.. Ол жастарды оқыту орталықтарының жұмысы мен таныса отырып, жас өнертапқыштардың ізденістеріне баға берді.   

Өткен жылды қортындылдай отырып, осы жылға арналған жоспарлары мен бөлісті.Онда қаланың инфрақұрылымы, көгілдір отын, қоғамдық көлік, аулаларды абаттандыру және халықты тұрғын-үй мен қамтамазыз ету сияқты мәселелерге арнайы тоқталды.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-2020 жылдан бастап, тұрғын-үй салудың аумағын кенейте отырып,оны 432 мың шаршы метрге жеткіземіз.Бұл екі есеге артады деген сөз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 110 мың ал, несиелік тұрғын-үй  бойынша 251 мың шаршы метр баспана салу жоспарда бар.

Кездесуге халық көп жиналды. Әкімге сұрақ қоюшылар саны арта түсті. Сұрыптау кентінің тұрғыны Лариса Липихинаны  қар тазалау жұмыстары қатты аландататып отыр..  

Лариса ЛИПИХИНА, сұрыптау кентінің тұрғын:

- Қарды тазалады. Бұл сенбі күні болатын. Жол жиектеріне сырып, үйіп кетті. Біздің аулаға да, қарды итеріп  тастады. Осының қар тазалау деп айта аламыз ба?

Нұрлан  ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Өкінішке орай, жеке сектордағы көше үйлеріндегі қарлар шығарылмай жатыр. Қар ептеп еріп жатыр. Қыс әлі біткен жоқ. Арты қалай болады, оны көре жатармыз

Байырғы тұрғын Қайрат Абайдуллин жастар болашағына алаңдаулы. Оның айтуынша балалар спорт пен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы қажет.   

Кайрат АБАЙДУЛЛИН, тұрғын:

-Біздің №56 мектепте тіпті күресетін кілемде жоқ.Балаларға бұл қиындықтар тудыруда.Онда 20-30 адам спорттың осы түрімен айналысады.Денелері көгеріп жүреді

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Күресетін кілем жайлы айтар болсақ, бұл сұрақты шешеміз.Оған қаржы табамыз. Осы жылы шешеміз.Мен уәде беремін.

Светлана Панфилова қала әкімінің есебіне Қазыбек би ауданынан келген. Ол, Ермеков көшесінің ескі үйлерінің бірінде тұрады.Оны біраз мәселелер толғандырады екен.

Светлана ПАНФИЛОВА, қала тұрғыны:

-Бірнеше жыл бұрын екі қабатты үйді сырады деген сөз шыққан-ды.Бізде жер асты құбырларын өткізеді дегенді. Әріқарай не болары белгісіз.  Жағдайымыз қалай болады?

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Бұл жерге 4 қабатты заманауий үй тұрғызылмақ. Екі қабатты үйде тұратындар сонда көшетін болады.Үй кенейіп, шаршы метрлеріңіз артады.Оған тұрғындардың келісімі қажет.

Қарағанды қаласының әкімі тұрғындарды толғандырған сұрақтардың біразына жауап берді.Есепті кездесуден кейін Нұрлан Ерікбайұлы Теміржолшылардың мәдениет  сарайында  жеке қабылдауын өткізді.  

Сейітқали ӘШІМ, Ернұр ЖОМАРТ, Аман ХАМИТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар