Қайырымдылықтан түскен қаражат қайда жұмсалады?

20:06, 10 қаңтар 2017

Шахан кентіндегі тұрғын үйдің бірінде болған апаттан зардап шеккендерге қажетті көмек жан-жақтан көрсетілуде. Бүгінде есеп-шотқа 42 млн.теңге аударылған

Күні кеше бұл қаражатты бөлу бойынша арнайы құрылған кеңестің бірінші отырысы өтті. Оның шешімі бойынша қаза тапқан адамдардың отбасына жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өтеу үшін 9 млн.теңге беріледі. Ал келесі жиналыста өтемақы мен баспана беру мәселелері қаралатын болады. Бұл қамқорлық көрсету кеңесінің құрамында кенттегі қоғам белсенділері де бар. Облысымыздың тілшілері де кеңес мүшесі болуға құлшыныс танытып отыр. Төртінші билік иелері Шахтинск қаласының әкімдігіне хат та жолдаған. Шахандықтардың қайғысына ортақтасып еліміздің түкпір-түкпірінен жіберіліп жатқан қаржының көлемі қомақты. Бұл ақшаны шашау шығармай тұрғындарға әділ бөліп беру керек деп санайды журналистер қауымы.  Бұқаралық ақпарат құралдары жиналған қаржының қайда, қалай жұмсалғанын жұртшылыққа жеткізіп отырады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...