ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

13:07, 12 қыркүйек 2019

«Құты қақпақтарын жинау» -туралы қайырымдылық акциясы жалғасуда. Бұл идеяны қазір мыңдаған жан қолдаған. Пластмас бөтелкелердің қақпақтарынан жиналған алғашқы қаражат «Радость» дүкенінің есебіне аударылды. Барлық ақша аса ауыр балаларды емдеуге жұмсалмақ

Жобаны қолдап, жанына дауа іздеген балаларға қамқорлық жаса! Бұл жобаны облыс орталығындағылармен қатар, Абай ауданының оқушылары да қолдап отыр. Қазір экологиялық музейде де қақпақ жинайтын контейнер бар. Мұндағы қақпақтар қайта өңдеуге жіберіледі.

Мария ТЮРЮЩЕВА, «ЭкоМузей» жобасының үйлестірушісі:

- Көбі неге қақпақтар жинаймыз деп, таңқалып сұрайды. Біріншіден бұл орын аз алады,сондықтан. Бастысы таза болуы тиіс. Кейін олар қайта өңдеу зауытына жіберіліп, басқа заттар шығарылады.

Жиналған пластиктің әр келісіне, қайта өңдеуші компания 60 теңге бөледі. Бүгінде бірнеше тонна қалдық жиналған.

Алексей СИМОНОВ, «ПромОтходКазахстан» ЖШС басшысы:

- Бұл жобаны біз ойлап тапқан жоқпыз. Бұл Испания тәжірибесі. Онда бір бала ауырғанда осылай 200 тонна қақпақ жиналыпты. Кейін қымбат ота жасалған. Біз де бұл тәжірибені қолдадық. Ақша, ауырған баланың ем-домына кетеді.

Қазір қақпақ жинайтын контейнерлер Гоголь 41 көшесі бойынша «Радость» дүкенінде, экомузейде орналасқан. Сондай-ақ, бірнеше мектепте бұл игілікті іс шараны қолдап отыр.

 Дәренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар