ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - САУАПТЫ ІС

17:30, 30 қараша 2020

Президент күні қарсаңында Абай ауданында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға тегін азық-түлік алуға сертификат табысталды. Мұндай шарапаты мол игі істің өтуіне «Строймарт» және «Абай сити» дүкендер желісі себепкер болып отыр

20 мың теңгелік сертификатты Абай ауданының 30 аз қамтылған және көпбалалы отбасы алды. Акцияның негізгі ұйымдастырушылары - "Строймарт" дүкендер желісінің басшылығы мен "Абай Сити" сауда-ойын-сауық орталығының құрылтайшылары. Осы сауда супермаркетінде тұрғындар қажетті азық-түлік сатып ала алады. Қолданылу мерзімі 3 айға дейін рұқсат етілген.

Бейбіт ДОСЖАНОВ, "Строймарт" дүкендер желісінің директоры»:

Ойрат НҰРҚАЗОВ, "Абай Сити" сауда-ойын-сауық орталығының құрылтайшысы:

Наталья Корепанова шиеттей алты баласын тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Ол мереке қарсаңында сыйланған сертификатқа қажетті азық-түлік алатынын айтты.

Наталья КАРЕПАНОВА,  Абай қаласының тұрғыны:

Алтынгуль АЙТЖАНОВА,  Абай қаласының тұрғыны:

Акция еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орайластырылды. Абай ауданында бірқатар қайырымдылық іс-шаралары үйлестіріліп, нәтижесінде мұқтаж отбасыларға материалдық қолдау көрсетілді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар