ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

13:54, 2 қыркүйек 2019

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров «Жомарт жүрек» акциясының жеңіпаздарын марапаттады. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «біз қарағандылықтармыз» атты ән байқауы өтті

Қарағанды орталық саябағында өткен шара ата заңы меркесімен тұспа –тұс келді. Кез келген өркениетті, дамыған елдерде бизнесмендер немесе жағдайы келіп жатқан ауқатты жандар еліне қол ұшын беруден аянбаған. Біз бүгін соның куәсі болдық.

«Жылдың үздік ұжымы» номинациясы бойынша кубоктың жеңімпазы атанған «Eurasia Building» ЖШС – гі бірнеше жыл қатарынан жағдайы жоқ отбасыларға пәтер кілтін табыстап келген.

Айдос МҰҚАТАЕВ, «Eurasia Building» ЖШС-ның басқарма төрағасы:

-Біз 2019 жылы мұқтаж болған жандарға көп балалы аналарға бірінші жартылығында 3 пәтер бердік. Біздің компанияның атынан және 2018 жылы біз үш пәтер бергенбіз. 2017 жылы 1 пәтер бердік. Бұл іс шараны әрі қарай жыл сайын жалғастырамыз. Әр адам туған жеріне, туған еліне көмек жасау керек.

Ал, бүгінде үшінші сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүрген Зара Шалабаев «Ерен ерлігі» номинациясы бойынша үздік атанды. Расымен, қайырымдылық істің арқасында жағдайға зәру жандар бір марқайып қалғандары айқын. Осы ретте қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская да жылы лезідерін білдірді.

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Бүгін ерекше күн. Жоғарғы мерекелерден бөлек, қаламызға 85 жыл толыпр отыр. Барша қарағандылықтарға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін.

«Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлеріне арнайы мүсінше тапсырылып, мерекелік іс – шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен үздік әншілерді әділ қазылар алқасы таңдады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар