ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

12:54, 20 наурыз 2020

«Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз» атты республикалық Акциясын іске қосты.Оның құрамында волонтерлер мен кәсіпкерлер бар

Акцияда сұйық май,үнді шайы басқа да,азық-түлік өнімдері мен антисептикалық гигеналық заттар және  бет-перделер әзірленіп, олар тізім бойынша таратылмақ.Тізімдегі кісілердің қарасы қалың. Барлығы бір күнде өтеді-деп күтілуде. Бұл шара, Төтенше жағдайлар мерзімі аяқталғанға дейін жалғасатын болады - дейді, ұйымдастырушылар.  

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan»партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Төтенше жағдайлардың еңгізілуіне байланысты біз аз қамтылған отбасыларға көмек-қолдау көрсетудеміз.Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да, бар.Тізімді біз әкімдік пен бірлесіп құрдық.Барлығы нақтыланған.

Қарағандылық белсенді кәсіпкер Ғабдолла Дүйсенбаев та, осы ауқымды шараға қатысуда.Меценат короновирусты анықтайтын тестік жүйе сатып алу үшін 5 миллион теңге өз қаражатын салған.Оны аймақтың барлық ауруханалары мен емханаларына тегін таратпақ. - Осындай сәтте әрбір азамат мүмкіндігі келгенше көмек көрсету керек- дейді ол.

Аида Қайырбекова жастайынан   бері, волонтер аталып кеткен. Ол мектепте жүріп-ақ, қарттарға көмек қолын созып жүретін. Қазір, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді.Ұстаз балаларды елгезек болуға шақырады.Әлемнің өзі қайырымды жандардан тұрады –дейді Аида.

Аида ҚАЙЫРБЕКОВА, волонтер:

-Болашаққа деген сенім мен үміт бар.Бір адам оны бастаса, одан әрі жалғасып кете барады.Қайырымдылықсыз әлемді елестетуге болмайды.Сондықтан осындай істерге белсене араласу қажет.  

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan»партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Акцияға бәріне бірдей қатысу міндетті емес.Жан-жаққа қарап, көз жүгірту қажет.Қай жерде мүмкіндігі шетеулі ия болмаса,зейнеткер тұрады соны білу қажет.Олар қазір далаға да, шыға алмайды.Қалай десек те, олар инфекция жұқырып алудан қорқады.Сондықтан қолдап жіберген дұрыс болады.

Бұл - партиялық акция  «Jas Otan» Жастар қанаты мүшелері   және волонтерлердің қатысуы мен өтуде.Осылайша, қайырымдылық шаралары  кеңінен жүзеге аса бастады. Сонымен қатар,  «Nur Otan» партиясының қызметкерлері бір күндік жалақыларын короновирус пен күресу үшін аударған. Жетекші партия өкілдері барлық  тұрғындарды осы Акцияға белсенді түрде  қатысуға шақырады. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар