ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНҒА АЛҒЫС

15:56, 19 қазан 2020

Қиын кезеңде жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға көмектескен қайырымды азаматтарға алғыс хат пен сыйлық табысталды. Шараны Қарағанды облысының дін істері басқармасы «Рухани келісім» күніне орай ұйымдастырды.

Басқарма басшысы Дулат Халел ұлт пен дінге бөлмей, барлық мұқтаж жандарға көмек қолын созғандарға алғысын осылай білдірді. Бұл шараға «Ана-мама», «Батыл жүрек», «Нұрлы керуен» секілді қайырымдылық қорларының жетекшілері мен ұйымдастырушылары келді. Арасында жеке кәсіпкерлер де бар.

Дулат ХАЛЕЛ, Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы:

-Жалпы дін жолында жүрген азаматтар пандемия кезінде өз ұстанымдарын көрсете алды. Халыққа қамқорлық жасады. Сондай ел алдында жүрген азаматтарды марапаттадық.

Марапат алған азаматтардың барлығы өздерінің әрекеті арқылы әлемді мейрімділік құтқаратынын дәлелдеп жүргендей. Мешіт жамағатының да басын жақсылық жолында біріктіре алады.

Ерлан ҚОЖАХМЕТОВ, кәсіпкер:

-Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), «берешек қол үстем» дейді. Карантин оңай тиген жоқ, алдында табиғи апат та болды. Сол кезде қиналған елге имамдар бірігіп, жамағат қосылып көмек көрсеткен. Бұл біздің ауызбіршілігіміз.

Қауіпті індет өршіген кезде Қазақстан халқы, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар айтарлықтай қиналды. Сол кезде көмекке осы азаматтар келді. Азық-түлік, тұрмысқа қажетті басқа да заттарды таратты. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға да шарапаттары тиген.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар