КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

17:59, 13 мамыр 2019

Бүгін Қарағанды облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін енді  45-жастағы полковник Қанат Әбілханов атқарады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып Ербол Сырғабеков тағайындалды.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Қайрат Орқашбаев тағайындалды.

Қарағанды қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы болып Нұрлан Мауқұлов тағайындалды.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР қорғаныс істері жөніндегі Қарағанды облыстық Департаментінің бастығы лауазымына подполковник Жанас Құнанбаев тағайындалды.

 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығы қызметіне - полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тағайындалды. Оның кандидатурасы ҚР Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісілген.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар