КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС

15:50, 12 қаңтар 2021

Қарағанды облысында санэпидбақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Жауапты қызметті Юрий Залыгин атқаратын болды. Ведомство басшысын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте таныстырды. Юрий Залыгиннің екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетін "экономика бакалавры" біліктілігі бойынша бітірген. Бұл салада 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Жезқазған мен Теміртау қалаларында түрлі лауазымдарда да қызмет атқарған. Сондай ақ, Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына, Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына жетекшілік етті. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері басшысының орынбасары болды. 2020 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар