КАДРЛАРҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ

14:59, 11 қыркүйек 2019

Елімізде алғаш рет жастар кадрлық резерві құрылады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметтен үмітті азаматтардың өтініштері қабылдануда. Ол үшін тіпті арнайы pkrezerv.kz порталы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда 210 адамның өтінімі қаралған. Тіркеу жұмысы қыркүйек айының соңына дейін жалғасын таппақ. Осы және өзге де мемлекеттік қызмет саласының өзекті сұрақтары қалалық әкімдікте өткен брифингте көтерілді

Жастар – ел мүддесіне қызмет етпек. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында қоғамның белсенді мүшелерінің келелі сұрақтарын шешуге жіті мән берген. Президент тапсырмасына сай жастар кадрлық резервін құру қолға алынды. 35 жасқа толмаған, жоғарғы білімі бар, еңбек өтілі бес жылдан кем емес азаматтар, мемлекеттік қызмет қатарын толтыруға мүмкіндік алады. Ол үшін 6 кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өтсе болғаны.    

Айгүл БАЙХАНОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық  департамент басшысы:

-Бұл жоба ең дарынды және дайын жастарға әлеуметтік лифт болады. Және мемлекеттік басқару мен квази мемлекеттік секторлардың көшбасшылық лауазымдарын атқаруға мүмкіндік береді. Резервистер президенттік мемлекеттік басқару академиясында арнайы әзірленген қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларында оқытылатын болады.

Дей тұра, оң бастаманың қарама – қайшы тұстары да байқалады. Алдағы 5 жылда мемлекеттік органдар саны 25 % - ға қысқармақ. Ал, кадрлық резерв жұмысқа орналасуға кепілдік бермейтін көрінеді. Маманға сұранысы өзекті болмаса, резервтегілерге бос орын қайдан табылары белгісіз.

Айгүл БАЙХАНОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  облыстық департамент басшысы:

-Резервке қабылданған азаматтар олар сол лауазым босағаннан кейін тағайындалатын болады. Және де 25% - ға қысқару үдерісі қалай жасалаынады? Ол біздің агенттікпен қазіргі таңда әзірленіп жатыр. Дайын болған соң барып мына сұрағыңызға жауап беремін.

Сондай – ақ кездесу барысында мемлекеттік қызмет сапасы да сөз болды. Соңғы үш жылда атқарушы орган көтерген сауалға жауап бермеді деген  193 шағым Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне келіп түскен. Бүгінде оның 52 % - ы қарастырылып, өз шешімін тапқан.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар